Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген автонесиеге өтінім беруге арналған сайттың неліктен өтініш қабылдауды тоқтатқаны белгілі болды

Опубликовано:

Автокөлік
Автокөлік. Көрнекі фото: Рixabay.com

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ жеңілдетілген автонесие алу үшін өтінім беруге арналған сайттың платформа іске қосылғаннан кейін неліктен бірден дерлік өтінім қабылдауды тоқтатқанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, autonesie.kz платформасы бүгін сағат 10.00-де іске қосылғаннан бастап алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтінімдерін беріп үлгерген.

Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құраған.

"Autonesie.kz сайты жүктемені еңсеріп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз еткендігін атап өтеміз. Лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "Өтінім беру" функциясы тоқтатылды.

Өтінім беру барысында кейбір пайдаланушылар автомобиль өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне қол жеткізумен байланысты болды", – дейді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ өкілдері.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ келесі өтінімдерді қабылдау наурыз айында, одан әрі – ай сайын қолжетімді болатынын атап өтті.

Мамандар бағдарламаның жаңалықтарын қордың ресми сайтынан және оның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан қадағалап отыру қажеттігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008194-zenildetilgen-avtonesiege-otinim-beruge-arnalgan-saittyn-nelikten-otinis-qabyldaudy-toqtatqany-belgili-boldy/

pixel