Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келесі айда қанша қазақстандық жеңілдетілген автонесие рәсімдей алады

Опубликовано:

көлік сатып алу сәті
Көлік сатып алу сәті. Көрнекі фото: pixabay.com

Өнеркәсіпті дамыту қорында өткен брифингте наурыз айында қанша қазақстандыққа жеңілдетілген автонесие беру жоспарланып отырғанын мәлім етті. Келесі айдағы көрсеткіш әзірше ақпан айымен салыстырғанда әлдеқайда аз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Келесі айда, біздің болжамымыз бойынша, 100-ден астам өтініш болады. Жүзі - нақты, содан кейінгісі қанша ақша жинайтынымызға байланысты болады.

Неге мен кем дегенде 100 деп отырмын - өйткені біздің есебіміз бойынша, ай сайын млрд теңге болуы керек, бірақ несиесін мерзімінен бұрын төлейтін қазақстандықтар болып жатса, пул (келесі айда – ред. ескертпе) көбеюі мүмкін. Мүмкін 120, мүмкін 130", – дейді қор төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров.

Еске сала кетейік, жеңілдетілген автокөлік несиесін алу лимиті ақпан айында 761-ге тең. Бүгін несие алуға өтінім қабылдау басталған уақыттан бері бір уақытта 125 мың адам өтінім беруге тырысқан, алайда өтінім қабылдау 18 секундқа ғана созылды.

Өнеркәсіпті дамыту қоры жүздеген қазақстандықтың өтінімді қалайша жылдам бере алғанын түсіндірді. Олардың есебі бойынша, анкетаны толтыру небәрі 10-14 секундты алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2008261-kelesi-aida-qansa-qazaqstandyq-zenildetilgen-avtonesie-rasimdei-alady/

pixel