Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қор нарығында доллар тағы арзандады

Жарияланған күні:

Доллар санап жатқан қызметкер
Доллар санап жатқан қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ валютасы тағы 4,45 теңгеге арзандады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KASE- тің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қор биржасы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, қазір доллардың теңге шаққандағы бағамы 431,08 теңгені құрап отыр.

Еске сала кетсек, 2 наурызда Қазақстанда АҚШ валютасы бірден 6 теңгеге арзандап, 1 доллар 435,69 теңге болған еді.

Kurs.kz-тің мәліметінше, қазіргі таңда еліміздегі айырбастау пункттерінде долларды келесі бағада сатуға немесе сатып алуға болады:

  • Астанада: сатып алу – 430-433,5 теңге, сату – 434,8-438 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 431-432 теңге, сату – 436-439 теңге;

NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, екінші деңгейлі қазақстандық банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 427-429 теңге, сату – 434-434,5 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 427-434 теңге, сату – 434-438,5 теңге;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011671-qor-narygynda-dollar-tagy-arzandady/