Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Табысы көбірек болады": Ұлттық банк басшысы доллар бағамы көтерілген уақытта теңгеге ақша салуға кеңес берді

Жарияланған күні:

Ақша мен калькулятор
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ұлттық банкте жұмада өткен брифингте Тимур Сүлейменов азаматтар Қазақстанда базалық мөлшерлеме көтерілген сәтте табыс таба алатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Министр: Теңгенің әлсіреуіне байланысты пәтер қымбаттауы мүмкін

Тимур Сүлейменовтің мәлімдеуінше, доллар қор жинау құралы болмауы тиіс.

"Теңгемен сақталған қаражаттың табысы көп болады. Біз бүгін базалық мөлшерлемені көтеру жөнінде шешім қабылдадық. Одан әрі жеке тұлғалар үшін депозит мөлшерлемесі де көтерілуі мүмкін. Содан қарапайым қазақстандықтар үшін депозит табысы артады. Сол себепті пен дүрбелеңге салынбауды сұраймын. Оған себеп жоқ", - дейді Ұлттық банк басшысы.

Сүлейменовтің айтуынша, қазақстандықтар "Халық IPO-сына" қатысып, жылжымайтын мүлікке де ақша құя алады.

"Елімізде табыс табу тетіктері бәріне түсінікті, бақылауға алынған, сол себепті мен теңге құралына ақша құюды ұсынамын. Доллар сатып алуға асығудың қажеті жоқ. Теңге құралы да, депозит секілді, долларға қарағанда көбірек табыс береді. Төл экономика жүйесінің ішінде қалған жөн. Доллар – біздің құрал емес. Бүгін көтерілді, ертең түрлі факторларға байланысты (түсуі мүмкін – ред.). Қандай жағдай болатынын ешкім білмейді", - дейді ол.

Бір күн бұрын Қазақстан биржасында доллар бірден 12,58 теңгеге қымбаттады. Астанадағы айырбас пунктерінде доллар 517-527 теңгеден, Алматыда 518-525 теңгеден сатылды.

Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасады.

Ұлттық банк жұма күні Қазақстанның инфляция жөніндегі болжамын өзгертіп, 2025 жылы 6,5-8,5 пайыз, ал 2026 жылы 5,5-7,5 пайыз деңгейінде белгіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2194412-tabysy-kobirek-bolady-ulttyq-bank-basshysy-dollar-bagamy-koterilgen-uaqytta-tenggege-aqsha-saluga-kenges-berdi/