Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қанша қазақстандық үйлі болды

Опубликовано:

Қағаз ақша
Қағаз ақша және тиындар. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2023 жылғы 2 наурыздағы дерек бойынша, "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында жалпы сомасы 894,9 млрд теңгеге 66 865 ипотека берілді, деп хабарланды Ұлттық банктің ресми сайтында.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ипотеканың басым бөлігін астаналықтар алған. Нақтырақ айтсақ, елордада 370,7 млрд теңгеге 23 770 несие берілген. Алматыда 203,7 млрд теңгеге 13 285 несие рәсімделген. Шымкент қаласында 5109 тұрғын жалпы сомасы 62,1 млрд теңге несие алған.

Статистикалық мәліметтер
2 наурыздағы Ұлттық бан дерегі. "7-20-25" бағдарламасы. Инфографика: nationalbank.kz

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы алғаш рет 2018 жылы іске қосылды. Бағдарламаның осыған дейін 1 триллион теңгені құрайтын өз қаржыландыру лимиті бар. 2022 жылдың соңында бағдарламаны ұзарту туралы шешім қабылданды. 2023 жылы бағдарлама аясында несиелендіруге 100 млрд теңгеге дейін бөлу жоспарланып отыр. Тұрғын үй заемы ұлттық валютада беріледі. Табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында баспанасы жоқ кез келген қазақстандық бағдарламаға қатыса алады.

Сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін:

  • 25 миллион теңге – Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және Атырау қалалары үшін;
  • 20 млн теңге – Қарағанды ​​мен Түркістанға;
  • 15 млн теңге – басқа аймақтарға.

Сонымен қатар 2022 жылдан бастап тұрғындар бағдарламаға тек бір рет қана қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2011757-7-20-25-bagdarlamasy-boiynsa-qansa-qazaqstandyq-uili-boldy/

pixel