jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасы төмендеуі мүмкін

Ипотека
Баспана кілтін алу. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында тұрғын үй сатып алу үшін рәсімделетін ипотеканың бастапқы жарнасын төмендету бойынша қосымша ұсыныстар жасау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үйлер қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, абаттандыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана пайдалануға берілуі керектігін атап өтті.

Тұрғындар үшін тұрғын үй бағдарламаларының қолжетімділігін арттыруға назар аударылды.

"Тұрғын үйді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажет. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, бастапқы жарна мөлшерін төмендету тетіктерін енгізуге қатысты қосымша ұсыныстар әзірленсін", — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өңірлердің әкімдіктеріне тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алдын ала әзірлеп, инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарын жеделдету міндеті қойылды. Жаңа тұрғын үйлер қажетті инфрақұрылыммен және абаттандырумен қамтамасыз етіліп, қоныстануға толық дайын болуға тиіс. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2035 жылға қарай газбен қамту деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Энергетика министрлігіне QazaqGaz компаниясымен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, магистральдық газ құбырларын уақтылы салу және газ саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру шараларын қабылдау тапсырылды. Жыл соңына дейін газбен қамту деңгейін өткуен жылғы 64,2%-дан 64,5%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасы төмендеуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram