Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір жылда тұрғын үй сатып алуға сұраныс екі есе азайды

Опубликовано:

Тиын салғышқа тиын салып жатқан адам
Тізілген ақша және тиын салғыш. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда баспана сатылымы бойынша бесінші ай қатарынан көрсеткіш төмендеген. Ақпан айында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша қанша мәміле тіркелгені туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында тұрғын үй бағасы айтарлықтай өсті. Ал қазан айынан бастап үй сатып алу-сату бойынша ай сайынғы көрсеткіш керісінше төмендеген.

Бюро келтірген деректерге сүйенсек, 2023 жылғы ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 24 118 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 174 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 17 944 мәміле. 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (24 294) тұрғын үйді сатып алу, сату мәмілерінің саны 0,7 пайызға азайды.

Бюро мәліметінше, мәмілелер саны бойынша Алматы (4 231– 17,5 пайыз) және Астана (4 208– 17,4 пайыз) қалалары алғашқы орындарда. Ұлытау облысында ең аз 265 бірлік (1,1 пайыз) мәміле тіркелген.

"2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім Шығыс Қазақстан (26,1 пайыз), Ақмола (15,5%) және Жамбыл облыстарында (15,4 пайыз) тіркелді. Мәмілелер саны бойынша көш басында тұрғанына қарамастан, бір айдағы ең үлкен төмендеу Алматы қаласында (-24,4%), сонымен қатар, Жетісу (-13,3 пайыз) және Ұлытау (-7 пайыз) облыстарында болды",- делінген хабарламада.

Ұлттық статистика бюросының дерегі
Тұрғын үй сатып алу динамикасы. Инфографика: gov.kz/memleket/entities/stat

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 2,6 пайызға (471 мәмілеге) азайған. Ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 17 944 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 74,4 пайызы. Бөлмелер саны бойынша ақпанда 1 бөлмелі 6 935 пәтер ресімделді. Алып сатудың негізгі үлесі Алматы және Астана қалаларына (55 пайыз) тиесілі.

2023 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 5 пайызға (295 мәмілеге) өсіп, 6 174-ті құрады. Ең жоғары өсім Түркістан облысында (+88 мәміле), ең төменгі көрсеткіш Қарағанды облысында (-42 мәміле) байқалды.

"2023 жылдың ақпанында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда шамамен 2 есе (48,2 пайызға) азайған, ол кезде 46 577 мәміле ресімделген болатын. Төмендеудің ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында (-69,3 пайыз) байқалды", - делінген бюро дерегінде.

Сонымен қатар төмен көрсеткіш еліміздің барлық аймағында тіркелді. Биылғы қаңтар-ақпан айларындағы мәмілелер санының 2022 жылдың тиісті айларымен салыстырғанда төмендеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2012478-elimizde-bir-zylda-turgyn-ui-satyp-aluga-suranys-eki-ese-azaidy/