Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда депозиттер бойынша өтемақы қайта берілуі мүмкін бе: сарапшы жауабы

Опубликовано:

Теңге
Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Депозит бойынша өтемақы 2022 жылы экономикадағы сыртқы тәуекелдер жағдайында жарияланған болатын. Бұл бағдарлама қазақстандықтар мен ел экономикасына қалай әсер етті? Депозиттер бойынша өтемақы қайта берілуі мүмкін бе? Осы және өзге де сұрақтарға жауапты KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2022 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен үкіметі қазақстандықтардың теңгемен сақталған банктік депозиттеріне 10% өтемақы төленетінін хабарлады. Ол үшін азамат бір жыл бойы салымындағы жинақтарын шоттан алмауы қажет болатын.

Осылайша 2022 жылдың 23 ақпанынан бастап депозитте сақтаулы жатқан ең төменгі сомадан 10 пайыз өтемақы төленген еді. Яғни ақшаны тек уақытша алып, кейін қайтарғанның өзінде өтемақы ретінде ең төменгі сома ғана берілді: мысалы, кейбір азаматтардың шотына 100 теңге ғана түскен.

Tengenomika Telegram арнасының хабарлауынша, бұл бастама Қазақстан экономикасына белгілі бір әсерін тигізбей қоймады.

Бағдарламаны іске қосудың себептері

Сарапшылардың пікірінше, теңгедегі депозиттерге есептелген өтемақы Ұлттық банктің елімізді геосаяси құлдыраудан алып шығу мақсатында қабылданған төтенше шарасы болған.

Яғни бұл – шетел валютасының нығайып кету қаупі туындаған кезде және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамының құбылмалылығына байланысты тұрғындардың салымдарын сақтауға бағытталған акция.

Шетел валютасы шарықтаған жағдайда салымшылар АҚШ долларын сатып алу үшін теңгемен сақталған депозиттерінен қаражатты жаппай алар еді. Салдарынан банктердің тұрақтылығын жою қаупі туындар еді.

Мәселен, АҚШ-та орын алған осыған ұқсас оқиға бұл елдегі қазіргі банк дағдарысының басты себептерінің біріне айналды.

Бағдарламаның салдары және қайталану мүмкіндігі

Бағдарлама нәтижесі бойынша 2,6 миллионға жуық Қазақстан азаматы өтемақыға үміттене алды, алайда олардың басым бөлігі 10 мың теңгеден төмен ақша алды.

Сонымен қатар сарапшылардың айтуынша, бұл төлемдерді қаржыландырудың жалпы құны 306,6 млрд теңгені құраған, оған республикалық қорлар демеушілік жасады. Яғни бағдарлама онсыз да тапшы бюджеттің тағы бір артық шығынына айналды.

"Осылайша мұндай бағдарламаның іске қосылуы мыналарды аңдатады:

а) форс-мажорлық жағдайдағы ақша-несие саясатының осалдығы;

б) теңгемен сақтайтын депозиттер салымшылары тарапынан алдағы уақытта да мұндай өтініштер туындауының ықтималдығы.

Сондықтан мемлекет мұндай шараларды қабылдаған кезде аса сақ болуы керек, ал ең абзалы мүлдем аулақ болу", – дейді сарапшылар.

Сондай-ақ олар бұл мемлекет жүйесіне кіретін шара емес, сыртқы экономикалық жағдайдың күрт нашарлауынан және салық төлеушілердің шығынға ұшырауынан туындаған бір реттік акция ғана болғанын айтты.

"Сондықтан біз мұндай шара орынды деп айта алмаймыз", – дейді Tengenomica сарапшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2014137-qazaqstanda-depozitter-boiynsa-otemaqy-qaita-berilui-mumkin-be-sarapsy-zauaby/

pixel