Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасы банкі" алғашқы жарнаны 50 пайыздан 30 пайызға дейін төмендетпек

Опубликовано:

Ақша және тиын салғыш
Ақша және тиын салғыш. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы уақытта "Отбасы банкінің" салымшылары 30 пайыздан басталатын алғашқы жарнамен құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Отбасы банктің" Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данагүл Түсіпованың айтуынша, жыл басынан бері "Отбасы банк" қызметкерлері 8400 заем берген. Яғни, күніне 150-160 адам қолжетімді несиеге өтініш беріп, қоныс тойын тойлаған. Берілген несиенің төрттен бірі Алматы қаласының үлесіне тиесілі.

"Сонымен қатар қала тұрғындары жинақтау және одан әрі тұрғын үй сатып алу үшін күн сайын 100-ден астам жаңа депозит ашады. Алайда, оның бәрі мемлекеттік бағдарламалардың шартына сәйкес келмейді. Сол себепті, біздің инвесторларымыздың көпшілігі тұрғын үйді коммерциялық нарықтан сатып алады. Қазір біз құрылыс салушылармен бірге жаңа механизм әзірлеудеміз, оның басты құндылығы бастапқы жарнаны 50 пайыздан 30 пайызға дейін төмендету. Құрылыс компанияларынан бөлінген субсидиялар оны азайтуға мүмкіндік беріп отыр", – дейді Данагүл Түсіпова.

Оның сөзінше, Алматыда осы әдіс бойынша "Отбасы банк" клиенттеріне қаланың 10 тұрғын үй кешенінен 850 пәтер ұсынылады. Тұрғындар өздеріне ұнайтын нысанды таңдап, "Баспана Маркет" порталында немесе банк бөлімшесінде пәтер брондап, несиеге өтініш бере алады.

Сондай-ақ Данагүл Түсіпова "Отбасы банк" қазақстандық кәсіпорындармен бірге тағы бір өнім - "Корпоративті" бағдарламасын іске асырып жатқанын атап өтті. Оның аясында компания өз қызметкерлерінің баспана мәселесін шешуге көмектеседі.

"Осы ынтымақтастық аясында несие мөлшерлемесі 7 пайыздан 8,5 пайызға дейін (ЖТСМ 7,4 пайыздан) болады. Бұл ретте компания өз қызметкері үшін бастапқы жарнаның бір бөлігін жинақтауға көмектеседі. Ол 20 пайыз немесе тіпті 30 пайыз болуы мүмкін. Компанияның мұндай қолдауы жеке баспанаға апарар жолды айтарлықтай қысқартады, яғни жақын арада қоныс тойын тойлауға көмектеседі.

"Отбасы банкінің "Корпоративтік" өнімі кәсіпорындарға өз қызметкерлерінің баспана мәселесін жылдам шешуге мүмкіндік береді. Ал бұл әлеуметтік пакетті нығайтып, құнды кадрларды ұстап қалудың бір жолы. Бүгінгі күні "Корпоративтік" өнімнің көмегімен Қазақстан бойынша 1000-ға жуық адам баспана сатып алуға мүмкіндік алды. Биыл кезекті қоныс тойын күтіп отырмыз", – дейді "Отбасы банк" өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2014196-otbasy-banki-algasqy-zarnany-50-paiyzdan-30-paiyzga-tomendetpek/

pixel