jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет кей студенттердің жатақханада тұру шығындарын өтеуі мүмкін

    Ноутбукпен жұмыс істеп отырған қыз
    Студент. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ғылым және жоғары білім министрлігі үкіметке әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттердің жатақхана ақысын, яғни жылына 29 АЕК-тен аспайтын шығындарын өтеуді ұсынды. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ғылым және жоғары білім министрлігі "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасына өзгерістер дайындады.

    Ведомство мәліметінше, отандық жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 168 150 студент білім алады. Оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар саны 2769 адам болса, 1667 адам - мүгедектер санатындағы студенттер.

    Мемлекет келесі санатқа жататын азаматтардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін жылына 29 АЕК-тен аспайтын шығынын өтейді:

    • жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан азаматтары;
    • мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар.

    "ЖОО жатақханаларында тұруға арналған шығындарға жылына 29 АЕК мөлшерінде ішінара өтемақы жүргізу ұсынылады. Өз кезегінде республикалық бюджетке бір мезгілде жүктемені болдырмау үшін осы тапсырманы кезең-кезеңімен іске асыру орынды деп санаймыз", - делінген түсіндірме құжатта.

    Айта кетсек, Қазақстанда 2023 жылы 1 АЕК - 3450 теңге болып бекітілді. Егер құжат мақұлданған жағдайда жоғарыда көрсетілген санаттарға жататан студенттерге жылына 100 050 теңге төленуі мүмкін.

    Құжатты қоғамдық талқылау 26 сәуірге дейін жалғасады.

    Мемлекет кей студенттердің жатақханада тұру шығындарын өтеуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.