Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әскери борышын өтеуге міндетті адамдар мен курсанттар несие төлеуге тиіс пе

Жарияланған күні:

Теңге және қалталы сағат
Теңге және қалталы сағат. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда әскери борышын өтеуге міндетті адамдар әскери билет алу үшін әскери-техникалық мектепте (ӘТМ) оқудан өте алады. Әскери-техникалық мектепте оқуда жүрген азаматтардың несиесіне өсім қосылуы мүмкін бе? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Бұған дейін Қазақстанда сарбаздарға несие беруге тыйым салу ұсынылғаны хабарланған болатын. Сенат депутаты Жанна Асанованың айтуынша, бұл оларды қарыздық жүктемеден қорғауға көмектеседі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселенің қалай реттелетіні туралы айтты.

Әскери міндеттілер үшін несиені кейінге қалдыру

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылы 5 желтоқсанда әскери қызметке шақырылған қарыз алушылардың банктік несиелері мен микрокредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды көздейтін Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Әскери қызметке шақыру кезінде Қорғаныс министрлігі Агенттікке әскерге шақырылған азаматтардың тізімін береді, кейін олар туралы мәлімет екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына жіберілетін болады.

Бүгінде кредиторлар 4,9 мың несие бойынша 3,4 мың әскери қызметкерге негізгі қарыз бойынша төлемдер мен сыйақы төлемін кейінге шегерді", деп хабарлады министрлік.

Әскери қызметшілер
Әскери қызметшілер. Көрнекі сурет: Pexels.com

Сонымен қатар кредиторлар несие төлемін кейінге қалдыру аясында (қызмет көрсетудің бүкіл мерзіміне созылады) сыйақыны есептеуді де тоқтата тұруға құқылы. Қарызды өндіріп алу шаралары да тоқтатылады.

Бірақ сенат депутаты Жанна Асанова меморандум декларативті сипатқа ие дейді.

Яғни кредиторлар пайыздық мөлшерлемені тоқтатудың орнына, кейінге қалдырылған төлемдерді несие мерзімінің соңына дейін біркелкі бөлу немесе төлем мерзімін ұлғайту арқылы жаңа төлем кестесін ұсынуға құқылы.

"Толық әскери борышты өтеу мерзімін ескере отырып, негізгі несие бойынша төлемдер не микрокредит бойынша сыйақының төлемі кейінге қалдырылады, қарыз алушы әскери қызметке қабылданған күннен бастап кредит және (немесе) микрокредит міндеттемелерінің мерзімін кешіктіргені үшін есептелген өсімпұл жойылады", делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде.

Бұл шаралар әскерге шақырылғандарға қатысты, бірақ ӘТМ курсанттарына басқа ережелер қолданылады.

Келісімшарт жасасу сәті
Келісімшарт жасасу сәті. Көрнекі сурет: Pexels.com

ӘТМ курсанттарының несиелері

Ведомствоның хабарлауынша, қол қойылған меморандумда шұғыл әскерге шақырылған азаматтар мен әскери қызметшілер әскери борышын өтеу кезеңінде банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша төлемді кейінге қалдыру мәселелері көтерілген болатын.

Яғни бұл ереже тек Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңға сәйкес әскери борышын (соның ішінде шұғыл шақырылғандар) өтейтіндерге (12 күнтізбелік ай) арналған.

"Әскери-техникалық мектебінің курсанты таңдаған мамандығына байланысты 40 күнге жуық оқудан өтеді.

Сондықтан Меморандумда әскери-техникалық мектепте курсанттар үшін несиелер мен шағын несиелерді төлеу мерзімін кейінге қалдыру шаралары қарастырылмаған", делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Алайда курсанттар 2021 жылғы 1 қазаннан бастап мерзімі кешіктірілген несиеге байланысты сотқа дейін реттеудің бірыңғай тәртібін пайдалана алады – кредиторлар қарыз алушылардың кредитті қайта құрылымдау туралы өтінішін қарауға міндетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018274-qazaqstanda-askeri-borysyn-oteuge-mindetti-adamdar-men-kursanttar-nesie-toleuge-tiis-pe/