Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда банктерге, МҚҰ, коллекторлардың үстінен қалай шағым түсіруге болады

Опубликовано:

Құжат толтырып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адамү Көрнекі сурет: pxhere.com

Қаржылық қызмет көрсету саласында кейде қарыз алушылардың құқықтары бұзылуы ықтимал. Мысалы, несие берушілер несие шарттарын өзгертуден бас тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істеу керек? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандықтар банкпен немесе микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) несиелік келісімге қол қою арқылы өзіне белгілі бір міндеттерді жүктеп, қарызды өтеу, төлемдерді уақытында жүзеге асыру, төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұлды төлеуге келісімін береді.

Дегенмен кей жағдайда кредиторлар қарыз алушының құқығын бұзуы да мүмкін. Мұндай жағдайда FinGramota кеңес алу үшін қайда жүгіну керектігін және қалай шағым түсіруге болатынын айтты.

Қазақстандықтардың құқығы қалай бұзылуда

Қарыз алушы жұмысынан айырылу, ауру және т.б. күтпеген жағдайлардың салдарынан қаржылық жағдайының нашарлауына тап болуы мүмкін.

Бұл жағдайда олар несие берушіге несие шарттарын өзгерту туралы ұсыныспен жазбаша өтініш бере алады:

  • сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
  • қарызды толығымен немесе бір бөлігін есептен шығару (айыппұлдар, өсімпұлдар, комиссиялар);
  • несие шарттарын немесе өтеу әдістерін өзгерту;
  • төлеу мерзімін шегеру және т.б.

Өтініш берген кезде қаржылық жағдайдың нашарлау фактісін дәлелдеу үшін құжаттарды ұсыну маңызды. Ал несие беруші өтінішті қарап, қабылдауға немесе қабылдамағаны жайлы жазбаша жауап беруге немесе өз шарттарын ұсынуға міндетті.

Ал егер банктер, МҚҰ, ломбардтар немесе коллекторлар қарыз алушының құқықтарын бұзса (өтінішін қабылдамаса, бас тарту себебін түсіндірмесе және т.б.), онда қазақстандық өз мүддесін қорғау үшін олардың үстінен шағым түсіре алады.

Еске сала кетейік, қарызды алдын ала реттемей, банкроттықты жариялау мүмкін емес.

Өтініш беру үшін қайда жүгіну керек

Дереккөздің айтуынша, қазақстандықтарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінудің бірнеше жолы бар.

Барлық азаматқа ең қолжетімді жолдың бірі – 1459 қысқа нөмірі арқылы call-орталығына хабарласуға болады. Call-орталығында қаржы қызметтерін тұтынушыға барлық қажетті кеңес пен анықтама беріледі.

"Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, ал түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Бүгінде агенттіктің call-орталығы іске қосылғалы 33,8 мыңнан астам қоңырау өңделді", - делінген дереккөзде.

Екінші жолы - Fingramota Online мобильді қосымшасы. Оның көмегімен азамат шағымдар мен өтініштерді бере алады және қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады.

Осылайша қосымша арқылы 7000-нан астам пайдаланушының сұранысы өңделген.

Сонымен қатар азаматтар қаржы реттеушісінің қоғамдық қабылдау бөлміне жүгіне алады (Алматы қаласы Көктем-3 микроауданы, 21 үй немесе қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің аймақтық бөлімшелері).

"Агенттіктің өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарап, банк, сақтандыру, микроқаржы саласындағы заңнама нормалары, коллекторлық агенттіктер мен несиелік бюролардың қызметі, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары туралы толық анықтама береді.

Қажет болған жағдайда қоғамдық қабылдау бөлімінің қызметкерлері банктердің, МҚҰ немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесу ұйымдастыра алады", - деп жазылған FinGramota сайтында.

Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Кездесуге жазылу үшін жеке деректеріңізді abdukadyr.flatov@finreg.kz электрондық поштасына жібере аласыз: Т.А.Ә., ЖСН, байланыс деректері, ұйымның (кредитордың) толық атауын көрсетіп, міндетті түрде өтініштің қысқаша сипаттамасын жазып, тақырыбын "Азаматтарды қабылдауға жазылу" деп қою керек.

Сондай-ақ электронды үкімет порталы (egov.kz) немесе e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы сұраныс жазуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2018634-qazaqstanda-bankterge-mikroqarzy-uiymdaryna-zane-kollektorlarga-qalai-sagymdanuga-bolady/

pixel