Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жұмыстан шығып қалған жағдайда қалған ақшаны қалай алуға болады

Опубликовано:

Жұмыстан кеткен әйел
Жұмыстан кеткен әйел. Көрнекі сурет: Freepik

Қазақстан азаматы жұмыстан шыққанда кейде ақшасын ала алмай қалуы мүмкін. Сондықтан сарапшылар жұмыстан кету туралы шешім қабылдамас бұрын асықпауға кеңес береді. Жұмыстан кету бойынша құжатты қалай дұрыс рәсімдеу керектігін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Адам түрлі себептермен жұмыс орнынан шығып кетуі мүмкін: кәсіпорынды немесе қызмет түрін өзгертуге ұмтылуы ықтимал, ұйымда шығар шыңына жетуі мүмкін немесе еңбек жағдайларына қанағаттанбауы мүмкін және т.б.

Кейде тіпті қазақстандықтар штаттың қысқаруына, компанияның басқа жерге ауысуына немесе басқа себептерге байланысты жұмыстан босатылуы ықтимал.

Мұндай жағдайда қалай қаржылық қауіпсіздігіңізді ұйымдастыруға болатынын білу маңызды.

Қызметкер жұмыстан өз еркімен кеткен жағдайда

Еңбек шартын өз еркімен бұзған кезде екі тарап (қызметкер мен жұмыс беруші) өзара келісім бойынша жасалған шартты бұзуға келіседі.

Әдетте бұл процесс қызметкердің уақытын босқа өткізбеу үшін және жалақыдан күтпеген жағдайда айырмау үшін басқа жұмыс орнын іздеу үдерісімен қатар жүреді.

Бұл ретте қазақстандықтар бұрынғы жұмыс берушіден мынадай төлемдерді алуға құқылы:

  • қалған жалақы – еңбек шарты бұзылғанға дейін жұмыс істеген барлық күндері үшін төлем;
  • демалыс төлемі – бар болған жағдайда пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы.

Алайда кей жағдайларда қызметкерге берілетін төлемдердің мөлшері екі есеге дейін төмендеуі мүмкін.

Еңбек кодексінің "Жалақыдан ұсталатын төлемдер" 115 бабына сәйкес, азаматтың ұйым алдындағы қарызын өтеу үшін мынадай жағдайларда қызметкердің еңбекақысынан 50 пайызы ұсталуы мүмкін:

  • іссапарға байланысты берілген, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда игерілмеген және уақтылы қайтарылмаған қаражат;
  • еңбек шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда жұмыскердi оқытуға кеткен шығынды жұмыс берушiге өтеу;
  • жұмыс істелмеген жағдайда жұмыскерге еңбекақы есебінен берілген аванстық төлемді өтеу;
  • қызметкердің жазбаша келісімі бар басқа да жағдайлар.

Яғни қызметкер жоғарыда аталған жағдайларда барлық қарызын жабуға тиіс. Бұл жайлы ескертпе жұмыстан босату туралы бұйрықтың мазмұнында көрсетілуі мүмкін, дәлірек айтсақ, жалақының бір бөлігін ұстап қалуға берілген келісім ретінде көрсетіледі.

Егер қызметкер жұмыстан босатылса

Жұмыстан босатылған немесе қысқартылған жағдайда қызметкер белгілі бір ақшалай төлемдерді алуға құқылы.

Осылайша жұмыс беруші жұмыстан босатылған қызметкерге өткен айлары үшін де, жұмыстан босатылғанға дейін нақты жұмыс істеген уақыты үшін де жалақысын төлеуге міндетті. Сондай-ақ қазақстандықтардың өтемақы алуға құқығы болуы мүмкін.

Еңбек кодексінің 131 бабына сәйкес, еңбек шарты бұзылған қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты орташа айлық жалақы мөлшерінде өтемақы келесі жағдайларда ғана беріледі:

  • жұмыс беруші заңды тұлға ретінде тіркеуден алынған кезде немесе жеке тұлға ретінде қызметін тоқтатқан жағдайда;
  • жұмыс беруші қызметкерлердің штатын қысқартқан жағдайда;
  • жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамағандықтан қызметкер өз қалауы бойынша кеткен кезде.

Пайдаланылмаған демалыс күндері де есепке алынады.

Ал өндiрiстің нашарлауынан, орындалған жұмыстар мен көрсетiлетiн қызмет көлемі мен сапасы төмендегеннен жұмыс берушінің экономикалық жағдайы нашарлағаны үшін компания қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзған жағдайда өтемақы орташа жалақы мөлшерінде екі айды қамтуы мүмкін.

Егер мұндай пункт еңбек шартында белгіленген болса, бұл төлемдер одан да жоғары болуы мүмкін. Ал жұмыстан босатылғаннан кейін қызметкер жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш бере алады.

Сондықтан еңбек шарты бұзылған кезде тиісті төлемдерден сан соғып қалмау үшін еңбек шартын мұқият зерттеу маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019128-qazaqstanda-zumystan-sygyp-qalgan-zagdaida-qalgan-aqsany-qalai-aluga-bolady/

pixel