Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 мамырда "Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша өтінім қабылдау басталады

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

10 мамырда "Отбасы банкі" ұсынған "Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады. Бұл туралы "Отбасы банкі" Instagram парақшасында хабарлады.

Бағдарламаның шарттары:

  • айлық табыс 550 000 теңгеден аспаса - 15% бастапқы жарна;
  • егер табыс 550 000 теңгеден 640 000 теңгеге дейін болса, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрайды;
  • сатып алынатын тұрғын үйдің максималды құны - 30 млн теңге;
  • несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме - 14,4%, кейінірек ол 3,5% - 5%-ға дейін төмендейді;
  • несиелеу мерзімі - 6 айдан 25 жылға дейін;
  • баспананың алғашқы және қайталама нарықтан таңдауға болады;
  • пәтерді жөндеуге 3,7 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Өтініш беру үшін банк бөлімшелеріне немесе банктің кеңес беру орталықтарына баруға болады.

Сондай-ақ өтініш беруші otbasybank.kz порталында онлайн тіркеле алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2019147-10-mamyrda-umai-aielder-ipotekasy-boiynsa-otinimderdi-qabyldau-bastalady/

pixel