Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда банк жабылған жағдайда несиесі мен депозиті бар адам не істеуі керек

Опубликовано:

Банкадағы ақша
Банкадағы ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық банк жабылғанымен қарыз алушылар несиені төлеуді жалғастыруға тиіс. Ал адамда қарызынан бөлек депозиті болса, оны қарыздың пайдасына санауы мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Банк лицензиясынан айырылғаннан кейін ол жұмысын тоқтатып, клиенттерге қызмет көрсетуді доғарады. Еске сала кетейік, Қазақстанда соңғы бірнеше жылда тоғыз банк жабылған болатын.

Алайда несие алушылар ескі деректемелер арқылы немесе жаңа банкке аударылған кредитін төлеуді жалғастыруға тиіс. Ал борышкерлер несиені кешіктірген жағдайда немесе мүлдем төлемей қойса жауапкершілікке тартылады.

Депозитке келетін болсақ, кейде жұмысын тоқтатқан банк барлық салымшыларға ақшасын қайтаруға қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Ондай жағдайда адамдарға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында (ҚДКҚ) өтемақы төленеді.

Алайда кепілдікпен қайтарылатын депозит мөлшерінің де шегі бар. ҚДКҚ мәліметінше, банк лицензиясынан айырылған жағдайда банктің жинақ салымдары бойынша бір мезгілде 20 млн теңгеге дейін, басқа депозиттер бойынша 10 млн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер бойынша сол уақыттағы бағамға сәйкес теңгемен санағанда 5 млнға дейін өтемақы төленеді.

Жинақ салым деп ұлттық валютада сақталған депозитті түсіну керек, одан ақшаны оңайшылықпен алып шыға алмайсыз. Сіз келісімшартты мерзімінен бұрын бұзып, алғашқы салынған ақшаңызды ғана еш сыйақысыз бір ай ішінде қайтара аласыз.

Ал қалған салымдарға теңгедегі депозиттердің басқа түрлері жатады, соның ішінде еш шектеусіз пайдалануға және толтыруға болатын кең қолданыстағы мерзімсіз депозит те, қазіргі шоттар мен карточкаларда жатқан ақша да кіреді.

Бір банк барлық депозит бойынша – 20 млн теңгеге дейін төлем жасай алады. Яғни, әр түрлі банкте сақталған ақшаға белгіленген лимитте бөлек кепілдік беріледі.

Салымшының несиесі болған жағдайда не істеуі керек

ҚДКҚ ақпаратынша, кепілдік өтемақы салымшының несие бойынша банк алдындағы берешегінің сомасын ескере отырып анықталатынын атап өтеді. Бұл ретте клиентке банктің қарсы талаптары банк лицензиясынан айыру күні төленуге жататын кепілдікті есептеу кезінде бірден есепке алынады.

Мысалы, салымшының депозитінде 20 млн теңге жинағы болған, кейін сол банкте несие де алды делік. Банк жабылып, лицензиясын тәркілеу күніне қарай сол адамның кредиті сыйақы сомасысын қоса алғанда 5,1 млн теңгені құраған.

Нәтижесінде салымшының барлық жинағы кепілдікпен қайтарылатынына қарамастан, оған банктің қарсы талаптарын ескере отырып, тек 14,9 млн теңге ғана беріледі.

Егер жинақ сомасы несие бойынша қарыздан аз болса, онда барлығы да сол кредитті өтеуге кетеді. Ал кепілдікті өтемақыны алу үшін және кредитті толық төлеу үшін тиісті сома жиналған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Мәселен, лицензиясынан айырылған банк салымшысының мерзімді депозитінде 15 млн теңге жиналған және ол да сол банкте несие алды делік, қарызы 3 млн теңге.

Аталған депозитті кепілдікпен қайтару бойынша ең жоғары сома мөлшері 10 млн теңгені құрайтындықтан, салымшы оны толығымен ала алады. Өйткені қалған 5 млн несиелік міндеттемелерді өтеуге жеткілікті. Бұл ретте қалған 2 млн теңгені бірден шығару мүмкін емес.

Дегенмен, кепілдікпен өтемақы төленгеннен кейін депозитте және басқа да шоттарыңызда қалған ақшаңызды жабылған банкті тарататын комиссияға жүгіну арқылы қайтаруға құқығыңыз бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін банк жұмысын тоқтатқан жағдайда және қаражат иесіне қайтарылған кезде төлемдер кімнің есебінен жүзеге асырылатыны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2022253-qazaqstanda-bank-zabylgan-zagdaida-nesiesi-men-depoziti-bar-adam-ne-isteui-kerek/

pixel