Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамыр айында әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде қанша қазақстандық алды

Опубликовано:

Теңге
Теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мамырда Цифрлық отбасы картасын пайдаланатын мыңнан астам қазақстандық автоматты түрде жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді ала бастады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері Цифрлық отбасы картасы жұмыс істейді – бұл жүйе мемлекет тарапынан қаржылық қолдау алуға құқығы бар қазақстандықтарды автоматты түрде анықтап, проактивті форматта оларға жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тағайындай алады.

Жүйе төлемдерді алуға тиіс адамды анықтаған кезде оған 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберіледі, ал адам хабарламаға тек келісіммен жауап беруі керек. Кейін қабылдау автоматты түрде жүзеге асырылып, азамат өзіне тиесілі төлемдерді алатын болады.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Цифрлық отбасы картасы арқылы мұндай SMS-хабарламаны 102 мыңнан астам адам алған. Мамыр айының қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам адам жәрдемақы немесе төлемді өтініш бермей алу мүмкіндігін пайдаланған. Осы жылдың сәуір айында бұл көрсеткіш 11 мыңнан астам адамды құраған.

Осылайша көктемнің соңғы айында мыңға жуық адам автоматты төлем алушылардың қатарына кірді.

Бүгінде бұл жүйе арқылы 5 жәрдемақы және 4 әлеуметтік төлем проактивті түрде тағайындалған:

  • жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
  • бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айрылу жағдайындағы әлеуметтік төлемдер;
  • асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем; мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) берілетін жәрдемақы;
  • мүгедектік бойынша жәрдемақы; көпбалалы отбасыларға жәрдемақы;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға жәрдемақы; атаулы әлеуметтік көмек.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Әлеуметтік кодексі аясында кейбір әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап бірден 14,5 пайызға ұлғаятыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2023405-mamyr-aiynda-aleumettik-tolemderdi-avtomatty-turde-qansa-qazaqstandyq-aldy/