Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ИИДМ жеңілдетілген автокөлік несиелеріне бөлінген қаражат қайда бағытталатынын айтты

Жарияланған күні:

Көлік салоны
Көлік салоны. Фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы Марат Қарабаев Ақорда кулуарында Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие туралы айтып, алынған қаржының қайда кетуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жалғастыру үшін қаражат жиналып қойғанын атап өтті.

"Қазір айналым қаражаты жиналды. Жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражатты мемлекеттік көліктерді несиелендіруге қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылуда", - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай шешім Қарабаевтың аймақтарға сапарынан кейін қабылданған.

"Бірқатар облыстарда болдық, әкімдік өкілдері автопаркті несиелендіру мәселесін көтерді. Мәселен, Қостанайда 90 пайызға тозған, Талдықорған мен Оралда 70 пайызға тозған. Қолда бар қаражатты барынша тиімді игеру міндеті тұр", - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ ол неліктен мұндай шешім қабылданғанын да түсіндірді.

"Оларды (қоғамдық көліктерді – ред.) күніне 9,3 миллион қазақстандық пайдаланады. Біз үшін олардың қажеттілігін қанағаттандыру бірінші кезекте тұр. Қаражат қоғамдық көлікті қаржыландыруға жұмсалады", – деп түйіндеді ИИДМ басшысы.

Қазақстандағы жеңілдетілген автонесие

Еске сала кетейік, Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы өткен жылдың мамыр айында басталған болатын. Кейін банктер оны бірнеше рет нақты себебптермен тоқтатқан болатын, соның ішінде бөлінген қаражатты игеруге байланысты да тоқтатылған.

Бағдарлама "айналмалы" принцип бойынша жұмыс істейді, яғни жаңа автонесие қазақстандықтардың бұрын алынған несиелерін өтеу есебінен беріледі.

Бұған дейін несиелердің белгіленген саны берілгеннен кейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайтадан кідіретіні және келесі несие төлемдері түскен кезде ғана жалғасатыны хабарланған болатын.

2023 жылдың ақпанында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет автонесие бойынша жұмыстың бір бөлігін аяқтағанын айтты. Оның айтуынша, бұл жұмысты "Бәйтерек" холдингі еншілес компанияларымен жалғастырады.

Соңғы рет қазақстандықтар 6 ақпанда 4 пайызбен автонесие алу мүмкіндігіне ие болған. Сол күні сағат 10:00 онлайн платформа іске қосылды. Бар болғаны 761 қазақстандық өтініш бере алған, ал лимит алғашқы 18 секундта таусылды.

Мамыр айында Марат Қарабаев Қазақстанда автонесие берудің жаңа шарттарын жариялаған болатын.

"Механизм ай сайын жұмыс істейтін болады. Қазір ай сайын миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарылуда. Бұл қаражат 100 көлікке жетеді. Бүгінде біз 500-ге жуық көлікке жеткілікті қаражат жиналған кезде ғана бағдарлама іске қосылатын механизмді қарастырып жатырмыз", - деді ол.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, енді көлігі бар азаматтар бағдарламаға қатыса алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2025564-iidm-zenildetilgen-avtokolik-nesielerine-bolingen-qarazat-qaida-bagyttalatynyn-aitty/