Қазақстандықтар қандай қоғамдық орында көбірек ақша жұмсайды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер қымбаттай түскендіктен бүгінде азаматтарға демалу үшін көбірек ақша керек. Finprom сарапшылары қазақстандықтар қандай қоғамдық орында жиі демалысын өткізетінін айтты. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
2023 жылдың бірінші тоқсанында спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтердің жалпы көлемі шамамен 164,99 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 39,1 пайызға көп.
Қаражаттың басым бөлігі – 118 млрд теңге ойын-сауық саласына кеткендігі атап өтілген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 41,3 пайызға артық.
Аттракциондарға кеткен қаражат көлемі 2,7 млрд теңгені (өсім 57 пайызды), қуыршақ театрларға кеткен қаражат 298,5 млн теңгені (өсім 75 пайызды) құрады. Дискотекалар өткізетін би және түнгі клубтар тағы 132 миллион теңге тапқан, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 23 есе көп.
Бұл ретте родеолар мен ату тирларында қазақстандықтар 322,2 мың теңге төлеген. Яғни, 81,7 пайызға аз жұмсаған.
Қазақстандықтар спортқа 46,9 млрд теңге жұмсаған. Дегенмен бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 34 пайызға артық. Спорт клубтарының табысы 7,2 млрд теңгені (өсім 1 пайызды), ал түрлі спорт нысанының табысы 7,1 млрд теңгені (өсім 11,1 пайызды) құраған.
Дегенмен фитнес-клубтардың табыс көрсеткіші, керісінше, 22,6 пайызға төмендеп, 6,8 млрд теңгені құрады.
Өңірлер бойынша спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтердің басым бөлігі Алматы қаласында көрсетілген. Қазақстандықтар 97 млрд теңге жұмсаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 42,1 пайызға артық.
Астанада қазақстандықтар спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтеріне – 15 млрд теңге – 39,4 пайыз, Қарағанды облысында – 4,9 млрд теңге – 16,4 пайыз, Шымкентте – 4,9 млрд теңге – 92 пайыз жұмсаған. Ал спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет көлемі ең аз көрсетілген өңір – Ұлытау облысы. Онда небәрі 939,1 млн теңге жұмсалған.
Бірақ жалпы жұмсалған қаражат сомасының ұлғаюы қазақстандықтардың жиі демала бастағанын білдірмейді. Өсімнің басты себебі елде болып жатқан инфляциялық процестерге байланысты болуы ықтимал.
Еске сала кетейік, бұған дейін балалар аттракциондарының қызметі бір жылда бірден 23,4 пайызға қымбаттағаны белгілі болған. Сондай-ақ кинотеатр мен театр сияқты басқа да демалыс орындарының бағасы өскен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2026395-qazaqstandyqtar-qandai-qogamdyq-orynda-kobirek-aqsa-zumsaidy/