Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тәрбиешілердің жалақысы тағы да 30 пайызға өседі

Опубликовано:

Балабақша
Балабақша тәрбиешісі мен бала. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда 2020 жылдың басынан бастап тәрбиешілердің жалақысы жоспарлы түрде көтеріліп келеді. Олардың жалақысы биыл да отыз пайызға өсетін болады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері қанша алатынын KAZ.NUR.KZ журналистері анықтап көрді.

Қазақстан Оқу-ағарту министрлігі ақпаратына сенсек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп жатыр.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың жалақысы тағы 30 пайызға артады. Осылайша, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есе өседі.

Ведомство мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын көтеріліп жатқаны оң нәтиже беріп отырғанын алға тартты. Бұл кадрлық әлеуетті нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралардың бірі.

Тәрбиешілер қанша алып отыр

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы орташа айлық жалақы 2023 жылғы екінші тоқсанда 168 767 теңгені құрап отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2019 жылдың төртінші тоқсанында, яғни жалақыны өсіре бастағанға дейін сектордағы орташа жалақы екі есе аз болған - 83 103 теңгені құраған.

Сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп жатыр, бірақ олар тәрбиешілерге қарағанда көбірек алады. Мәселен, орта білім саласында орташа айлық жалақы соңғы мәліметтер бойынша 376 911 теңгені құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2032423-qazaqstanda-tarbiesilerdin-zalaqysy-tagy-da-30-paiyzga-osedi/

pixel