Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш негізгі себеп бар": қаржыгер елімізде доллар неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Опубликовано:

Теңге және Ақш доллары
Теңге және АҚШ доллары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Соңғы күндері Қазақстан қор нарығында доллар бағамы күрт көтерілді. Бүгін еліміздегі ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасының теңгеге шаққандағы бағамы 468 теңгеге дейін жетті. Осы орайда қаржыгер Расул Рысмамбетов доллар неге қымбаттап жатқанын түсіндіріп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маманның сөзінше, теңгенің құлдырап, доллардың нығаюына бірнеше себеп бар.

"АҚШ ақшасының қымбаттауына үш негізгі себеп бар. Ең алдымен, бұл бюджеттік түзету. Өйткені, бізде дәстүр бойынша бюджет тамыз айында қаралады. Үкімет жалақымызды, зейнетақыны көтергісі келеді.

Екінші себеп. Бұл халықтың өзі доллардың қымбаттауын күткені. Шынында да, қазір теңге бағамының төмендеуі рубльдің тұрақты валюталарға қатысты әлсіреуімен тұспа-тұс келді.

Ресей – біздің сауда-сатық саласындағы әріптесіміз. Ресейде доллардың қымбаттауы көрші елдегі инфляцияның өсуін білдіреді. Әлбетте, мұның бәрі бізге сөзсіз әсер етеді", - дейді қаржыгер.

Агенттік мәліметінше, бұдан бөлек, Қазақстанға ресейлік тауарлар кірді деген болжам бар. Көрші ел тауарлары Қазақстандағы рубльге бейімделуі керек. Сондықтан сауда желілері қайта құрылады. Оған шамамен екі ай уақыт керек.

"Үшіншіден, күзге қарай ірі компаниялар қарыздарын өтей бастайды (облигация төлемдері тағы басқалары). Сондықтан олар рубль күрт арзандаған сәтті тиімді пайдаланбақ. Олар теңге де құлдырайды деген болжам жасап, доллар сатып алады. Осы 3-4 дерек сәйкес келіп тұр.

Төртінші фактор – үкімет квазимемлекеттік сектордың ұлттық компаниялары қор биржасы арқылы сатуға тиіс міндетті валюталық түсімдердің үлесін азайтқысы келеді. Осылайша үкімет бюджет қаржысын арттырғысы келеді. Теңге – жұмсақ валюта", – дейді сарапшы.

Айта кетейік, 16 тамызда қор биржасында доллар бағамы күрт көтерілді. Бір тәулікте АҚШ валютасы 6 теңгеге дейін қымбаттады. Ал бүгін доллар 7,9 теңгеге қымбаттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2032883-us-negizgi-sebep-bar-qarzyger-elimizde-dollar-nege-qymbattap-zatqanyn-tusindirdi/

pixel