Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қор биржасында доллар тағы күрт қымбаттады

Опубликовано:

АҚШ доллары
Доллар. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

KASE-тегі күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, қазір 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 463,19 теңгені құрап отыр. Кешеден бері АҚШ валютасы 7,9 теңгеге қымбаттаған.

NUR.KZ-тегі валюта бағамы мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 459-461 теңге, сату – 465-467 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 459-462 теңге, сату – 465-467 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 459-461 теңге, сату – 465-467 теңге.

Ал Kurs.kz сайтының дерегінше, валюта айырбастау пунктерінде доллар келесі бағамен саудалануда:

  • Астанада: сатып алу – 457-464 теңге, сату – 464,9-470 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 460,5-461,3 теңге, сату – 464,5-465 теңге;
  • Шымкентте: сатып алу – 460-463 теңге, сату – 464,5-466 теңге аралығында.

Айта кетейік, 16 тамызда қор биржасында доллар бағамы күрт көтерілді. Бір тәулікте АҚШ валютасы 6 теңгеге дейін қымбаттады. 14 тамызда доллар 3 теңгеге қымбаттаған болатын.

Ал бүгін қазақстандық ақша айырбастау пункттерінде 1 доллар тіпті 468 теңгеден саудаланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2032887-qor-birzasynda-dollar-tagy-kurt-qymbattady/

pixel