Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында кейбір санаттағы адамдарға Конституция күніне орай біржолғы төлем беріледі

Опубликовано:

Ақша және телефондағы Дамумед қосымшасы
Ақша және телефондағы Дамумед қосымшасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе облысының әкімдігі 30 тамыз - Конституция күніне орай мүгедектігі бар адамдарға біржолғы төлем берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

"Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша төлем мөлшері 50 мың теңгені құрайды", - делінген хабарламада.

Облыс әкімдігі жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 23,6 мыңнан астам азаматқа материалдық қолдау көрсетілетін мәлім етті.

Оның ішінде мүгедектігі бар 5 мыңға жуық балаға біржолғы төлем берілетіні атап өтілді.

Еске салайық, Атыраулық мүгедектігі бар әйел өз тағдырластарына тегін психология кабинетін ашқанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар мүгедектігі бар қазақстандықтарға қандай төлемдер қарастырылғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2033803-aqtobe-oblysynda-keibir-sanattagy-adamdarga-konstituciya-kunine-orai-birzolgy-tolem-beriledi/

pixel