Қазақстанда тіркелген көліктер саны 5 миллионнан асты
Жарияланған күні:
2023 жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандықтар өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп көлікті тіркеді. Бұл ретте олардың басым бөлігі – жеңіл автокөліктер. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылғы шілдеде 169,3 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есеге артты.
Ал Қазақстандағы көліктердің жалпы саны 5 015,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде:
- жеңіл көліктер - 87,9% (4,4 млн);
- жүк көліктер - 10% (502 мың);
- автобустар - 2,1% (103 мың).
Бұл ретте жалпы тенденция Қазақстанда автокөліктерді тіркеу санының біртіндеп артып келе жатқанын көрсетеді.
Айта кетсек, статистикалық мәліметтер бойынша жеңіл көліктердің жылы келесідей болды:
- 3 жылға дейін – 268,5 мың;
- 3 жылдан 7 жылға дейін – 445,8 мың;
- 7 жылдан 10 жылға дейін – 604,2 мың;
- 10 жылдан 20 жылға дейін – 1 миллионнан астам;
- 20 жылдан асқан – 2 миллионнан астам автокөлік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2036781-qazaqstanda-tirkelgen-kolikter-sany-5-millionnan-asty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.