Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

55 мыңнан астам алматылық 2 қазаннан кейін банк қызметін ала алмай қалуы мүмкін

Жарияланған күні:

Банкоматтан ақша алайын деп жатқан адам
Банк карточкасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

55 мыңнан астам алматылық 2 қазаннан кейін банк қызметін ала алмай қалуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түменбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңына өткен брифингте атап өткендей, 2 қазанда жеке тұлғалардың 2022 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.

"Меншігінде жеке үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және басқа да ғимараттары бар тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Төлеу мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалса да, Алматы қаласының 55 644 тұрғыны салық төлемеді. Төленуі керек салықтың жалпы сомасы 735 миллион теңгені құрайды. Төленбеген салықтың негізгі сомасы Алматы қаласының Медеу ауданының тұрғындарына тиесілі, сома – 315 млн теңге, ал салық төлемегендер саны бойынша антирейтингті Бостандық ауданының тұрғындары бастап тұр. 37 мың адам", - дейді ол.

Түменбаевтың айтуынша, белгіленген төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін салық төлемеген тұлғалар салық заңнамасының нормаларына сәйкес, банктік қызметтерді ала алмайды, оның ішінде банктік шоттарды ашу, аударымдарды жүзеге асыру, несие алу және т.б.

Сонымен қатар әрбір кешіктірілген күн үшін Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады.

Сондай-ақ мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында салық органдары сот орындаушыларына салық ұйғарымдарын жібереді. Олар борышкерлерге қатысты мүлкіне және банктік шоттарына тыйым салу, сондай-ақ республикадан тысқары жерлерге шығуды шектеу сынды шаралар қабылдайды. Бұл ретте сот шығындары ұсталады. Ол қарыз сомасының 25 пайызын құрады.

Осы орайда Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғындарды жақын күндері мүлік салығын төлеуге шақырып отыр.

Барлық сұрақ бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2037984-55-mynnan-astam-almatylyq-2-qazannan-keiin-bank-qyzmetin-ala-almai-qaluy-mumkin/