Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еңбек министрі қарттар күні мен Республика күніне берілетін біржолғы ақшалай көмектің көлемін жариялады

Опубликовано:

Ақша санап отырған егде әйел
Ақша санап отырған егде әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қарттар күніне және Республика күніне орай аға буын өкілдеріне біржолғы материалдық көмек берілетінін және оның мөлшерін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Светлана Жақыпова биыл бірқатар облыста алдағы екі мерекеге орай аға буын өкілдеріне біржолғы материалдық көмек берілетінін атап өтті.

"Қарттар мерекесіне орай Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне орай Ақмола мен Павлодар облыстарында 234 мыңнан астам аға буын өкіліне 2-10 АЕК (6 900 – 34 500 теңге) көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі", - дейді министр.

Сонымен қатар министр елімізде егде тартқан адамдарға жергілікті бюджеттен бірнеше әлеуметтік көмек қарастырылғанын айтты.

"2023 жылдың басынан бастап жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдауға шамамен 4-6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде, дәрі-дәрмек, отынмен қамтамасыз ету қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, санатория, курорттық емделу және және басқа іс-шаралар бар", - дейді Светлана Жақыпова.

Айта кетейік, бұған дейін Светлана Жақыпова мәжіліс депутаты Ринат Заитовтың ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру туралы ұсынысына қатысты пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2038242-enbek-ministri-qarttar-kuni-men-respublika-kunine-beriletin-birzolgy-aqsalai-komektin-kolemin-zariyalady/

pixel