Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жұмыс беруші қызметкерге сынақ мерзімі үшін ақы төлеуге міндетті ме

Опубликовано:

Қызметкер және жұмыс беруші
Жұмыс. Көрнекі фото: pexels.com

Жұмыс беруші жұмысқа орналасып жатқан жаңа қызметкердің "біліктілігін тексеру" мақсатында тегін жұмыс істеуді ұсына алады. Дегенмен заң бойынша бұл әрекет үшін айыппұл салу қарастырылған, ал сынақтан өтіп жатқан адамға тиісті төлемі берілуге тиіс. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Сынақтан өту мерзімі (стажировка) – жұмысқа қабылдамас бұрын белгілі бір уақыт бойы қызметкерді оқытуға, тәжірибе жинауын қамтамасыз етуге немесе қажетті кәсіби біліктілігін алуына бағытталған уақытша жұмыс түрі.

Бұл ретте әдетте жұмыс берушілер жаңа қызметкерге ақысыз сынақ мерзімінен өтуді ұсынады. Ал сынақтан өту мерзімі аяқталып, қызметкер одан сәтті өткен жағдайда оған еңбек шартын жасасу ұсынылады.

Алайда Еңбек кодексінде "сынақтан өту мерзімі" ұғымының нақты анықтамасы жоқ. Ал жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы мұндай еңбек қатынастары қатаң реттеледі.

Жаңа қызметкерді нақты мерзім аясында сынақтан өткізу заңды ма

Еңбек кодексінің 36-бабына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің кәсіби жарамдылығын анықтау үшін нақты мерзім аралығында сынақтан өткізуге құқылы.

Алайда қызметкердің сынағы заң жүзінде өтуге тиіс. Яғни қызметкер сынақтан өту кезінде жұмыс беруші онымен еңбек шартын жасасуы керек. Еңбек шартында белгілі бір уақыт аралығында (ең көбінде 3 ай) болашақ қызметкердің дағдылары мен кәсіби шеберлігі тексеріледі.

Ұйымдардың, филиалдардың, өкілдіктердің басшысы позициясына үміткер, бас бухгалтер және т.б. басшылық қызметті атқаратын тұлғалардың орынбасарларына қатысты сынақ мерзімі алты айға дейін созылуы мүмкін.

Бұл ретте сынақ мерзімі кезінде болашақ қызметкерге ақы төленуге тиіс, оған қоса сынақтан өту мерзімі де жалпы еңбек өтіліне қосылады.

Студенттер өндірістік тәжірибеден өткенде оларға ақы төлене ме

"Право знать" Telegram-арнасының ақпаратынша, тек соңғы курс студенттеріне өндірістік не кәсіби тәжірибеден өткені үшін ақы төленбейді.

"Өндірістік және кәсіби тәжірибе кезеңінде сынақтан өтуші ресми түрде еңбек тәртібін сақтауға тиіс.

Өндірістік және кәсіби тәжірибе кезінде мерзімді сынақтан өтуші белгілі бір міндеттерді орындайды, кейін бұл жалпы өндірістік тәжірибенің қорытындысында есепке алынады.

"Сол уақыт аралығында өндірістік тәжірибеден өтушіге өтемақы төленуі мүмкін. Алайда өтемақы төлеу жұмыс беруші орындауға тиіс міндетті шарт емес, бұл компанияның қалауына байланысты", – делінген дереккөз ақпаратында.

Студентті өндірістік тәжірибеден өткізу мәселесі білім алу мекемесі мен компания арасындағы өзара жасалатын келісіммен реттеледі.

Жұмыс беруші сынақ мерзімі үшін тиісті ақысын төлеуден бас тартқан жағдайда қандай шаралар қарастырылған

Дереккөз мәліметінше, мерзімді сынақтан өту кезінде жұмыс берушілер қызметкерге штаттық кестеден тыс төмен жалақы беруге құқығы жоқ.

Жұмыс беруші қазақстандыққа сынақ мерзімінен өткені үшін төлем беруден әрі онымен еңбек шартын жасасудан бас тартқан жағдайда оған Әкімшілік кодекстің 86-бабына сәйкес, 30-дан 100 АЕК-ке дейін (2023 жылы – 103 500-345 000 теңге) айыппұл салынады.

"Заң бұзушылық анықталған жағдайда азамат тұрғылықты жері немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына еңбек заңнамасының бұзылғаны туралы айтып, жұмыс берушінің үстінен шағым түсіре алады", – делінген Telegram-арна жазбасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2039443-elimizde-zumys-berusi-qyzmetkerge-synaq-merzimi-usin-aqy-toleuge-mindetti-me/

pixel