Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Опубликовано:

Ұлттық банк ғимараты. Фото
Ұлттық банк ғимараты. Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін төмендеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16 пайзыға дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляцияның баяулау қарқыны жоғары.

"Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің тежеу саясаты мен азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі аясында біртіндеп төмендеп келеді. Дегенмен назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс және жоғары инфляциялық күтулер – инфляцияның ішкі факторларына жатады. Реттелетін бағалардың көтерілуінен болған қайталама әсерлерден тәуекел күшейді. Олар бұрын теңге бағамының динамикасымен өтелген болатын.

Ағымдағы шешім мен тәуекел балансын ескерсек, 2023 жылы базалық мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндіктері айтарлықтай шектеліп отыр. Жыл соңына дейін жылдық инфляция бір мәнді деңгейге дейін баяулаған жағдайда ғана ақша-кредит саясатын жеңілдету шаралары қаралады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы рет Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тамыз айында 16,75 пайыздан 16,5 пайызға дейін төмендеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2039861-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-16-paiyzga-deiin-tomendetti/

pixel