Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде көлік иелеріне қысқы дөңгелек ауыстырмағаны үшін қанша теңге айыппұл салынады

Опубликовано:

Көлік
Көлік көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жол қауіпсіздігі үшін көлік иелері жыл мезгіліне сәйкес дөңгелектерді уақытында ауыстыру қажет. Бұл талапты бұзған жағдайда 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Айыппұл қай кезде, қандай жағдайда салынатыны туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Бұған дейін Алматы әкімдігі көлік иелеріне 2023 жылғы 31 қазан мен 1 қараша аралығында қалада аяз болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Сондай-ақ Астанада бір апта ішінде қар жаууы мүмкін екені хабарланды.

Басқа өңірлерде де жауапты ведомствола көлік иелерін қысқы маусымға дер кезінде дайындалуға, жазғы дөңгелектерді қыстық дөңгелекке ауыстыруға шақырды.

Қауіпсіздік шарасын елемеу тек айыппұлға ғана емес, сонымен қатар жолда оқыс жағдайға да әкелуі мұмкін.

Дөңгелектерді қашан ауыстыру керек?

Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 8-қосымшасының 5.5 тармағы бойынша сәйкес келмейтін дөңгелек түрлерін пайдалануға тыйым салынған.

  • Құжатта "қыста (желтоқсан, қаңтар, ақпан) – қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған M1 және N1 санаттарындағы көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынады;
  • жазда (маусым, шілде, тамыз) – сырғанауға қарсы шипалары бар дөңгелектермен жабдықталған көліктерді пайдалануға тыйым салынады", - делінген.

Яғни, құжатта белгілі бір айларда дөңгелек ауыстыру міндетті деп көрсетілген.

Десе де, көлік иелеріне ауа райына байланысты дөңгелектерді ертерек ауыстыру ұсынылады.

Бұл әсіресе солтүстік аймақтарға қатысты, өйткені өңірде қар ертерек жауып, аяз болуы мүмкін.

Талапты орындамаудың салдары

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-тармағына сәйкес "техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады".

Бұндай құқық бұзушылық үшін көлік иелеріне 2023 жылы көрсеткішпен 5 АЕК немесе 17 250 теңге көлемінде айыппұл салынады.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 3 692 теңгеге дейін өсуіне байланысты сома 18 460 теңге болуы мүмкін.

Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда (алғашқы айыппұлды алған күннен бастап 12 ай ішінде) сома өседі және биыл 20 АЕК – 69 000 теңгені және 2024 жылы 73 840 теңгені құрайды.

Сондықтан өзіңізді жазатайым оқиғалардан қорғау үшін көлігіңіздің дөңгелектерін уақытында ауыстырғаныңыз маңызды. Ал талап бұзғаны үшін айыппұл қыс (желтоқсан, қаңтар және ақпан) немесе жаз (маусым, шілде, тамыз) айларында салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2043287-elimizde-kolik-ielerine-dongelek-auystyrmagany-usin-qansa-tenge-aiyppul-salynady/

pixel