Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады

Опубликовано:

Көлік
Автокөлік. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана қаласы полиция департаменті жүргізушілерге көліктерді қысқы маусымға дайындауды ескертеді, деп хабарлайды ведомство Instagram-дағы ресми парақшасында.

Астана ПД мәліметінше, көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережесінің талаптарына сәйкес, бұл кезеңде қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады.

"Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жүргізушілерді дер кезінде көліктерін қысқы дөңгелектерге ауыстыруға шақырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктер бүгін Астанада күн ашық болады деп болжады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін жетіп, түнде -6 градусқа дейін төмендейді.

Бұдан бөлек, елімізде жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру ережесі өзгергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042730-astana-policiyasy-zurgizusilerge-undeu-zasady/

pixel