Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұрттың көкейіндегі сұрақ: "7-20-25" бағдарламасы ұзартыла ма

Опубликовано:

Пәтер іші
Пәтер іші. Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазақстандық тұрақтылық қоры" АҚ (ҚТҚ) бағдарламасы операторының сыртқы коммуникациялар қызметінің менеджері Айбар Олжаев Krisha.kz басылымына берген сұхбатында "7-20-25" бағдарламасының болашағы туралы айтып берді.

Олжаевтың айтуынша, жеңілдікпен берілетін "7-20-25" мемлекеттік ипотекалық бағдарламасы келесі жылы ғана емес, 2029 жылға дейін де беріледі. Бірақ 100 млрд теңге көлемінде құйылатын жылдық қаражат лимиті өзгеріссіз қалады.

ҚТҚ өкілі 2024 жылы өтінімдерді қабылдау тәртібі де өзгермейтінін айтады. Бірақ бұл рәсімді тек оператор банктер реттейді. Ал ҚТҚ оператор ретінде серіктестердің операциялық қызметіне араласпайды.

Айта кетейік, биыл қыркүйекте Ұлттық банктің баспасөз қызметі бағдарлама аясында жалпы 69 891 қарыз берілгенін хабарлаған еді. Жалпы сомасы – 944,4 млрд теңге. Бағдарлама бойынша ең көп ипотека Астанада – 389,4 млрд теңге сомасына 24 840 қарыз берілді. Елордадан кейін Алматы (212,4 млрд теңгеге 13 778 қарыз) тұр, үшінші орында – Шымкент (64,3 млрд теңгеге 5234 қарыз).

7 пайыз мөлшерлемесімен берілетін "7-20-25" бағдарламасы Қазақстанда жоғары сұраныста, себебі ол тұрғын үйді нарықтан әлдеқайда төмен шарттарда сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда биыл қаржыландырудың шектеулеріне байланысты көптеген қарыз алушы жаңа өтінімдер беру кезінде қиындықтарға тап болды.

Алғашқы төлем мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде болуға тиіс. Тұрғын үйдің максималды құны – Астана, Алматы (қала маңындағы аудандарды қоса алғанда), Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларына – 25 млн теңге, Қарағанды қаласында – 20 млн теңге және басқа өңірде – 15 млн теңге. Қарызды жабу мерзімі 25 жылға дейін ұлғайтылды. Қарыз алушыдан қарызды ұсынғаны және қызмет көрсеткені үшін ешқандай комиссия алынбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043510-7-20-25-bagdarlamasy-uzartyla-ma/

pixel