Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа ақылы жолмен кім тегін жүре алады

Опубликовано:

Жол трассасы
Жол трассасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандағы Орал-Саратов тас жолы 1 желтоқсаннан бастап ақылы болады, бірақ кейбір санаттағы жүргізушілер ақылы жолмен тегін жүруге құқылы. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

8 қазаннан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен II және III техникалық санаттағы ақылы жолдарды енгізу басталды. Осы уақытқа дейін елімізде жолды пайдаланғаны үшін ақы алынатын бірнеше жаңа аймақ пайда болғаны хабарланған.

Көлік министрінің бұйрығына сәйкес, 1 желтоқсаннан бастап Орал-Саратов тас жолының бір бөлігі де енді ақылы болады.

Бұл ретте жеңіл автокөліктер II және III техникалық санаттағы жолдарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден босатылған. Осылайша тек автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілері жаңа ақылы учаскені пайдаланғаны үшін жол жүру ақысын төлеуге міндетті болады.

Ресеймен шекараға дейінгі бағытта салынған тас жолды пайдалану құны көлік түріне байланысты 0,142 АЕК пен 0,710 АЕК аралығында, я болмаса 2023 жылғы көрсеткіштер бойынша 489,9 теңге мен 2 449,5 теңге аралығында құбылады.

Бір айлық қоғамдық көлікте жүруге арналған куәлік бағасы 1-ден 5 АЕК-ке дейін (3 450-ден 17 250 теңгеге дейін), ал бір жылдық қоғамдық көлікте жүруге арналған куәлік бағасы 12-ден 60 АЕК-ке дейін (41 400-ден 207 000 теңгеге дейін) болады.

Еске салайық, биыл қазан айынан бастап Қазақстанда ақылы жолдармен жүру құны айлық есептік көрсеткішке байланысты болатынын жазған едік. Осыған байланысты тарифтер айтарлықтай жоғарылап, АЕК көрсеткіші өскен сайын тариф құны да тұрақты түрде көтерілетіні хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2046843-qazaqstanda-zana-aqyly-zolmen-kim-tegin-zure-alady/

pixel