Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері, АЕК көлемі қалай өзгереді

Опубликовано:

Ақшасын санайын деп жатқан қыз
Ақша санау. Көрнекә фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес, Қазақстанда ең төменгі жалақы, АЕК, зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері жоғарылауға тиіс. Биыл Қазақстанда олардың мөлшері қаншалықты артады? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Жаңа есептік көрсеткіштер "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңмен белгіленеді. Бұл жоба мәжілісте мақұлданып, қазір парламент сенатында қаралып жатыр.

Құжатқа сәйкес, 2024 жылы ең төменгі жалақы мөлшерін 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін жоғарылату жоспарлануда. Яғни, 2024 жылы бұдан аз төлеу - заңға қайшы болып саналады.

Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері 28 215 теңге, ал ортақ зейнетақы кемінде 57 853 теңге болуы мүмкін.

Еске салайық, базалық зейнетақы барлық қазақстандыққа зейнеткерлік жасқа толған кезде беріледі, ал ортақ зейнетақыны 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар азаматтарға төленеді. Ерлерде 25 жылдық еңбек өтілі болуы керек, ал әйелдерде – 20 жыл.

Бұл ретте айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3450 теңгеден 3692 теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ заң жобасы бойынша, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге жетеді.

Бұл көрсеткіштер өссе, қазақстандықтардың зейнетақысы, жәрдемақысы және берілетін әлеуметтік төлемдері де өседі. Бірақ АЕК мөлшері де қатар өскендіктен, айыппұлдар, салықтар және т.б. төлемдердің мөлшері артады. Мысалы, 2023 жылы бұл есептік көрсеткіш бойынша ақылы жолдардың құны өзгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2046892-qazaqstanda-en-tomengi-zalaqy-men-zeinetaqy-molseri-aek-kolemi-qalai-ozgeredi/

pixel