Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған жеткілікті шегін жариялады

Опубликовано:

Ақша, телефон, көзілдірік, қалам, үлкейткіш
Зейнетақы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдаланудың 2024 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ зейнетақы қорының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БЗЖҚ өкілдері ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері өзгеріссіз, бұрынғы деңгейде қалғанын атап өтті.

"БЗЖҚ 2024 жылға арналған ТЖШ мөлшері 2023 жылғы ТЖШ деңгейінде қалатынын хабарлайды.

ТЖШ – бұл ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері.

Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ болашақ зейнетақы жарналарының болжамды есептеулеріне (ең төменгі жалақы мөлшерінен) және инвестициялық табыстылыққа сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы.

Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі – бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш", - делінген хабарламада.

2024 жылы зейнетақы қорынан алуға болатын қаржының жеткіліктілік шегі.

2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ең төменгі жеткіліктішегі
2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ең төменгі жеткілікті шегі. Скриншот: БЗЖҚ

Зейнетақы қорының мәліметінше, ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау (2023 жылмен салыстырғанда өсірмей, өзгеріссіз қалдыру) ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты.

"Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері ағымдағы деңгейде сақталады", - деп хабарлады БЗЖҚ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2050371-2024-zylga-arnalgan-zeinetaqy-zinaqtarynyn-en-tomengi-zetkiliktilik-segi-belgili-boldy/

pixel