Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда енгізілген жаңа арнайы әлеуметтік төлем мөлшерін қалай білуге болады

Опубликовано:

Компьютер арқылы egov.kz порталына кірген әйел
Egov.kz порталы. Көрнекі фото: NUR.KZ

2024 жылы кей қазақстандықтар жаңа арнайы әлеуметтік төлем ала бастайды. Оның болжамды мөлшерін Еңбек ресурстары порталында білуге болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Президент зиянды өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау туралы заңға қол қойды. Бұл заң аясында зиянды өнеркәсіп орнында еңбек ететін зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметкерлерге жаңа арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.

Қазақстандықтар оны 55 жастан бастап зейнетке шыққанға дейін алуға құқылы. Бірақ ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) азаматта кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жиналуға тиіс.

Осы орайда алдын ала есеп бойынша 2024 жылы орташа арнайы әлеуметтік төлем мөлшері 208 мың теңгеден асады. Дегенмен төлем мөлшерінің артуы не артпауы қызметкердің өзіне ғана байланысты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері зиянды өнеркәсіп орнында жұмыс істейтіндер арнайы әлеуметтік төлемдердің болжамды мөлшерін қалай есептеу керектігін айтты.

Арнайы әлеуметтік төлемнің болжамды мөлшерін қалай білуге болады

Министрлік мәліметіне сүйенсек, мұны үйден шықпай-ақ HR Enbek еңбек ресурстары порталында білуге болады. Ол үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациядан өтіп, жеке кабинетіне кіруі керек.

Тұлғаны растаудан өткен соң қолданушы жеке кабинетіндегі "Профиль" бөлімінде орналасқан "Қызметкердің деректері" қосымша беті ашылып (вкладка), төлемнің алдын ала мөлшерін есептеуге мүмкіндік беретін калькулятор пайда болады.

Осы орайда арнайы әлеуметтік төлем мөлшерін анықтау үшін үш жағдай бойынша есептеу жүргізуге мүмкіндік бар:

  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төлем жасалмаған жағдайда қанша шығатынын;
  • БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) жинақтау есебінен қанша болатынын;
  • БЖЗҚ-дан МКЗЖ және міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) жинақтау есебінен қанша төленетінін білуге болады.

Осылайша алдын ала есептеулер бойынша азамат жұмыс беруші ай сайын аударған МКЗЖ көлемі, арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері, өмірді сақтандыру компаниясынан жасалатын төлем мөлшері, жұмыс берушіден жүргізілетін төлем туралы мағлұмат ала алады. Сондай-ақ МКЗЖ мен МЗЖ есебінен жиналған БЖЗҚ-дан алынатын төлем туралы да ақпарат алуға болады.

Еске салайық, арнайы әлеуметтік төлем бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және мынадай төрт қаржы көзі есебінен тағайындалады:

  • республикалық бюджет есебінен – 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде (2024 жылы ең төмен күнкөріс деңгейі алдын ала дерек бойынша 43 407 теңге);
  • өмірді сақтандыру компанияларынан – 13 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
  • жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен – 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
  • БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2052378-qazaqstanda-engizilgen-zana-arnaiy-aleumettik-tolem-molserin-qalai-biluge-bolady/

pixel