Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда түйенің кесірінен жол-көлік апаты болды: "Евразия" СК 14 млн теңге төледі

Опубликовано:

Жолдағы түйе
Фото: depositphotos.com

"Евразия" сақтандыру компаниясы жол бойында түйемен соқтығысқан көлік иесіне 14,1 млн теңге төледі. Жануар оқиға орнында өліп қалған, сот жол-көлік оқиғасына көлік жүргізушісін кінәлі деп тапты. Дегенмен КАСКО полисінің арқасында "Евразия" сақтандыру компаниясы автокөліктің жөндеу жұмыстарына сақтандыру төлемін жасады.

Жол-көлік оқиғасы Маңғыстау облысында Шетпе және Жетібай ауылдары арасындағы республикалық маңызы бар жол бойында болған. Exeed VX автокөлігінің жүргізушісі өзімен қатарлас келе жатқан көліктің кесірінен жол бойына жүгіріп шыққан түйені байқамай қағып кеткен.

Түйе оқиға орнында өліп қалған. Жануармен соғысқан автокөліктің сол жақ бөлігі бүлінген. Сот автокөлік жүргізушісін кінәлі деп тапқан.

"Өкінішке қарай, жыл сайын жабайы және үй жануарларының жолға шығып кетуі салдарынан болған жол-көлік оқиғалары саны артып келеді. Бұл жолы автокөлік жүргізушісінің жолы болды десек болады, дегенмен көліктің алдыңғы бөлігі бүлінген. КАСКО автокөлікті толық бағасына сақтандыруға мүмкіндік береді және түйемен соқтығысу сияқты әдеттегіден тыс жағдайларда да төлемақы алуға көмектеседі", - деді "Евразия" СК Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев.

Жануардың жолға шығып кетуі салдарынан болған жол-көлік оқиғасының шығындарын кім өтейді?

Егер жүргізуші жануарды "Малды айдау" белгісі бар жерде қағып кетсе, онда жүргізуші кінәлі болады. Ал белгі жоқ болса, жауапкершілік малдың иесіне артылады.

Жабайы жануардың жолға шығып кетуі салдарынан болған жол-көлік оқиғасында кәнілі деп танылған жүргізуші автокөлікті өз қаражатына жөндейді. Ал үй жануарының жолға шығып кетуі салдарынан болған оқиғада мал иесі немесе мал бағып жүрген адам жауапты деп танылуы мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, жануардың иесін және сәйкесінше материалдық залалды өтеу жауапкершілігі жүктелген адамды анықтау өте қиын. Жануар иесі өз малы екенін мойындамауы мүмкін, ал оны анықтамай төлем өндіріп алу мүмкін емес.

"Жүргізуші мал иесінен сот арқылы өтемақы талап ете алады, бірақ кінәлі тараптың қаражаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан КАСКО полисі жүргізушінің кінәсінің дәрежесіне және кінәлілердің болуына қарамастан автокөлікті қалпына келтіру үшін тиісті сақтандыру төлемін алуға көмектеседі", – деді "Евразия" сақтандыру компаниясы өкілі.

SmartCASCO бағдарламасы бойынша eurasia36.kz сайтында немесе "Евразия" СК кеңселерінде сақтандыру бағасын есептеп 50% жеңілдікпен рәсімдей аласыз. 11 айға дейін бөліп төлеу қарастырылған.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, 2023 жылдың сегіз айында жануарлармен соқтығысу салдарынан 68 жол-көлік оқиғасы болып, 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тауып, 135 адамның денсаулығына зиян келген. Сонымен қатар бұл статистика адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларды ғана ескереді.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2053840-mangystauda-tuienin-kesirinen-zol-kolik-apaty-boldy-evraziya-sk-14-mln-tenge-toledi/

pixel