Былтыр "7-20-25" бағдарламасымен қанша адам баспаналы болды
Жарияланған күні:
2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша 71 699 несие берілді. Қазақстанның қай өңірінде тұрғындар ипотекалық бағдардамаға көбірек қатысты? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
Биыл 7 пайыздық мөлшерлемемен берілетін "7-20-25" жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы жұмысын жалғастырып жатыр. 2024 жылға бағдарламаны іске асыру мақсатында 100 млрд теңге бөлінді – әр тоқсанға 25 млрд теңгеден беріледі.
Ипотекалық бағдарламаның былтырғы қорытындысына келсек, 2023 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық банк ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, елімізде жалпы сомасы 974,1 млрд теңгеге 71 699 жеңілдетілген ипотека берілген.
Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына көбіне Астана тұрғындары қатысқан – 25 184 адам 406,4 млрд теңге несие алған. Ал Алматыда – 14 462 адам 224,5 млрд теңгеге ипотека рәсімдеген.
Шымкентте жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына 5362 адам қатысып, жалпы берілген несие сомасы 66,5 млрд теңгеге жеткен. Қалған несиелер болса, республиканың өзге аймақтарына бөлінді.
Еске салайық, "7-20-25" ипотекалық бағдарлама аясында Қазақстан азаматы мынадай шарттар бойынша жеңілдетілген ипотека ала алады:
- сыйақы мөлшерлемесі – 7 пайыз;
- алғашқы жарна – тұрғын үй бағасының 20 пайызынан басталады;
- несие мерзімі – 25 жыл;
- құрылыс салушыдан пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі бар;
- қарыз алушының жеке баспанасы болмауы керек;
- тек бір рет несие ала алуға болады;
- қарыз алушының мойнында басқа ипотека болмауы керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054319-byltyr-7-20-25-bagdarlamasymen-qansa-adam-baspanaly-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.