Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚДКҚ Қаржы министрлігі атынан тараған депозит бойынша өтемақы беріледі деген ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Копилка мен ақша
Копилка мен ақша. Көрнекі фото: pexels.com

Желіде Қаржы министрлігі атынан депозиттер бойынша өтемақы төленеді деген ақпарат тарап жатыр. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ресми сайтына сілтеме жасап.

ҚДКҚ дерегінше, әлеуметтік желіде жаңа алаяқтық пайда болған. Алаяқтар Қаржы министрлігі атынан депозиттер бойынша өтемақы төленеді деген ақпарат таратып жатыр. Алаяқтар жарнамасында тиісті төлемдер "Төлемдер комитеті" деп аталатын жалған органда берілетіні айтылған.

"Алдамшы есептер жүргізе отырып, олар сенгіш салымшыларға адам айтса нанғысыз сомалардың төленетіндігін айтады. Ал салымшылар заңдық көрсетілетін қызметтер және өтінішті тіркету үшін аздаған жарна төлесе, бұл ақшалар салымшылардың карточкаларына түседі-мыс", - делінген хабарламада.

Қор өкілдері депозиттер бойынша өтем төлеуге қатысты алдын ала төлем талап еткен ұйымдарға ақша аудармауға шақырады.

Қор мәліметіне сүйенсек, депозиттер бойынша кепілді өтемақы төлеумен айналысатын жалғыз ұйым – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ).

Қор тек қандай да бір банк лицензиясынан айырылған жағдайда оның салымшыларына депозит бойынша кепілді өтемақы беру мақсатында төлемдер жасайды. Қор операциялар жүргізгені үшін, я болмаса рұқсат беру құжаттарын ұсынғаны үшін ешқашан ақша талап етпейді.

"Интернетте қырағы болыңыздар: жеке деректеріңізді жарияламаңыздар және күдік тудыратын сілтемелерге өтпеңіздер", - деп жазады ҚДКҚ өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін де алаяқтар ресми мекемелер мен ЖШС, ведомстволардың атынан талай рет жалған ақпарат таратқан болатын. Мәселен, желтоқсанда Қазақстан Ұлттық банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескерткенін жазған едік.

Ал 9 қаңтарда "ҚазМұнайГаз" компаниясының атын жамылған алаяқтар жалған жарнама таратқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2054980-qdkq-qarzy-ministrligi-atynan-taragan-depozit-boiynsa-otemaqy-beriledi-degen-aqparatty-zoqqa-sygardy/

pixel