Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қызмет төлемін карталар мен QR арқылы қабылдайтын кәсіпкерлердің саны өсті

Опубликовано:

Банктік картамен төлем жасап жатқан адам
Банктік картамен төлем жасау сәті. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда қызмет төлемін карталар мен QR арқылы қабылдайтын кәсіпкерлер саны 1,5 есеге өсті. Банктік карталар мен QR арқылы төлем жүйесіне көшкен сауда орындары мен POS-терминалдар көлемі қаншаға артты? Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2025 жылы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметке қатысы бар болуы мүмкін мобильді аударымдар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар басшыларының жеке шоттары бойынша тексеріле бастайды. Мұндай тексерулердің негізгі мақсаты – бизнесті көлеңкеден шығару.

Дегенмен POS-терминалдары бар әрі клиенттер үшін кез келген төлем жүйесін қарастырған кәсіпкерлерге алаңдаудың қажеті жоқ – ондай кәсіпкерлер тексерілмейді. Сондай-ақ заңға бағынатын азаматтардың жеке мақсаттағы мобильді аударымдары да тексерілмейді.

Оған қоса кәсіпорындар қарқынмен қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне көшіп жатыр. Ranking.kz порталы мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы үшінші тоқсанның соңында елімізде шамамен 762,7 мың кәсіпкер эквайер-банкпен банктік карта арқылы төлем жүйесін енгізу туралы келісімшартқа отырған – 2022 жылы бұл көрсеткіш небәрі 508,5 мың болған еді.

Яғни банктік карталар арқылы төлем қабылдау шешімін қабылдаған кәсіпкерлердің саны бір жылдың ішінде 1,5 есеге өскен.

Еліміздегі 909,6 мың сауда орнында барлығы 975,3 мыңға жуық POS-терминал орнатылған.

Бұл ретте айта кетейік, 2024 жылдың басынан бастап кей кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару мақсатында қайтадан қызмет төлемін қолма-қол ақшамен қабылдауға көше бастағаны туралы хабарланған болатын. Олар қызмет төлемін карталар мен QR арқылы қабылдаудан бас тартады, алайда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл – заңсыз әрекет.

Әйтсе де көптеген бизнес өкілі әріптестерінің бұл қағидасымен келіспейді, олар заңсыз мобильді аударымдардан бас тартып, карталар мен QR код арқылы төлем жүйесіне көшіп жатыр.

Сонымен қатар Алматыда 143,8 мыңнан астам кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесіне көшкен. Одан кейін тәртіпке бағынған кәсіпкерлер саны Астанада тіркелген – олардың саны 97,2 мыңға жетті, ал Шымкентте бұл көрсеткіш – 47,2 мың адамға тең. Сарапшылардың пікірінше, барлық үш мегаполисте қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесіне көшкен кәсіпкерлер саны былтырғы үшінші тоқсанның көрсеткіштерімен салыстырғанда үштен бір бөлігінен астамға өскен.

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкерлік табысын жасырғандар қалай жазаланатыны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055218-elimizde-kasipkerler-banktik-kartalar-men-qr-arqyly-tolemder-zuiesine-kosip-zatyr-ma/

pixel