Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тайғақ жол: "Евразия" СК көктайғақта соғылған "Камри" үшін 7 млн теңге төледі

Опубликовано:

Көлік қысқы жолмен жүреді
Фото: depositphotos.com

Қыс мезгілінде қала көшелері мен қаладан тыс автомагистральдарда жол-көлік оқиғаларының саны бірнеше есе артады. Қар әр кезде жүргізушілердің көпшілік бөлігіне қиындық тудырады, бұған ЖКО саны кейде он есеге дейін өсуінен көруге болады.

Күрделі ауа райы жағдайларының салдарынан, оның ішінде көрінудің төмендігі мен көктайғақтың әсерінен, билік органдары республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалысты шектеуге мәжбүр, бұндай жағдай биылғы қыста еліміздің әртүрлі аймақтарында, көбінесе Қазақстанның орталық және солтүстік бөліктерінде бірнеше рет орын алды.

Кәдімгі қысқы оқиға

Сонымен, Ақмола облысында қараша айының соңында Екатеринбург–Алматы тас жолында табиғаттың қыңырлығының кесірінен болған кезекті ЖКО орын алды. Су жаңа Toyota Camry автомобилінің жүргізушісі жауын-шашын – қар мен жаңбырдың әсерінен көрінудің нашарлығы мен көктайғақтың салдарынан, тайғақ жолда басқаруға ие бола алмай, жол қоршауына соқтығысқан.

Соқтығысу нәтижесінде автомобильдің алдыңғы және артқы бөлігі зақымданды, залалдың жалпы сомасы, автосервис мамандарының бағалауы бойынша, 7 млн астам теңгені құралды. Алайда КАСКО ерікті автосақтандыру полиісінің болуының арқасында "Евразия" СК төлемді жүзеге асырды.

"Көктайғақ – қыс мезгіліндегі апаттардың негізгі себебі. Жүргізуші тарапынан орын алатын кішкене абайсыздық айтарлықтай зардаптарға соқтыруы мүмкін. Себептеріне ауа-райын кінәлауға болады, бірақ одан залалды өтеу жөніндегі кінәрат-талаптарды қоя алмайсың. Автомобильді осындай және басқа да көптеген жағдайларда автоКАСКО полисі көмекке келеді", – дейді "Евразия" СК атқарушы директоры Юрий Славкин.

Апаттан кейінгі көлік
Фото: Евразия СК

КАСКО тағы да неден қорғайды?

Әдеттегі азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру полисі (КҚИ АҚЖМС) ЖКО-на кінәлі адамның залалын өтемейді, тек қана жәбірленуші тарап төлемге сенім арта алады. КАСКО сақтандырылған көлік жүргізушісінің кінәсінің дәрежесіне қарамастан төлем алуға көмектеседі.

Одан басқа, КҚИ АҚЖМС шеңберіндегі сақтандыру төлемі заңнама жүзінде 600 АЕК-пен шектелген, немесе 2,2 млн теңгеге жуық. Ал КАСКО полисінің өтелетін залал мөлшері тек шартпен шектелген және көлік иесімен өз бетінше белгіленеді.

КАСКО шарттары бойынша, автомобиль ЖКО-нан ғана емес, сонымен бірге құрамына табиғи зілзалалар (дауыл, боран, бұршақ, өрт), үшінші тұлғалардың заңға қарсы әрекеттері (вандализм, көлікті айдап әкету, жеңіл алынатын бөлшектерді – бүйір айналарды, дөңгелектерді және т.б. ұрлау) кіретін басқа да тәуекелдерден сақтандырылады.

"КАСКО көрші көліктің дөңгелегінің астынан абайсызда ұшып шыққан тастан да болатын залалды өтейді, ең бастысы – апаттық комиссарды шақыру және тисіті дәрежеде болған оқиғаны ресімдеу", – деп қорытындылады "Евразия" СК өкілі.

eurasia36.kz сайтында және "Евразия" СК кеңселерінде 50% жеңілдікпен SmartCasco бағдарламасы бойынша полисті ресімдеуге, шарттарын таңдауға және құнын есептеуге болады. 11 айға дейінгі мерзімге бөліп төлеуге болады.

*26.12.2022 ж. АРРФР № 2.1.20 лицензия

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2055610-taigaq-zol-evraziya-sk-koktaigaqta-sogylgan-kamri-usin-7-mln-tenge-toledi/

pixel