Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде жалпыға бірдей декларацияға байланысты көптеген жеке кәсіпкерлік жабылған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мекемені жауып отырған әйел
"Жабық" белгісі. Көрнекі фото: Freepik / pressfoto

Жеке кәсіпкерлер 2024 жылы активтері туралы декларация тапсыруы керек. Алайда кейбіреулері жалпы декларацияға қатыспай, жеке кәсібін жауып та үлгерген. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл декларацияны жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары тапсырады.

Декларацияны жеке кәсіпкер, я болмаса заңды тұлға ретінде тіркелген азаматтар да тапсыруға тиіс. Мұндай кәсіпкерлерге 2023 жылы жалпы декларациялаудың үшінші кезеңіне қатыспау үшін өз қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш беру мүмкіндігі де ескертілді.

Бүгінде көптеген кәсіпкер бұл ұсынысты пайдалануды жөн көргені белгілі болды.

Ұлттық статистика бюросы ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, желтоқсанда тіркелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,4 пайызға азайған.

Бұл ретте өз жұмысын тоқтатып тұрған ЖК ғана емес, кәсіпкерлік қызметі табыс әкеліп, тұрақты жүріп тұрғандары да жабылған. Желтоқсанда олардың саны 1,9 пайызға азайды. Бюро дерегінше, бұған 2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың қабылдануы себеп болған.

Дегенмен жылдық мәнде тіркелген жеке кәсіпкерлер саны бәрібір жоғарылаған – шамамен 8,5 пайызға тең, ал жұмысы жүріп тұрған жеке кәсіпкерлер саны 11,1 пайызға өскен. Оған қоса олардың басым бөлігі қызмет төлемін карталар мен QR арқылы қабылдау жүйесіне көшіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2056426-elde-zalpyga-birdei-deklaraciyaga-bailanysty-koptegen-zeke-kasipkerlik-zabylgan/