Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түндегі жер сілкінісі Алматыда жол-көлік оқиғасын екі есеге көбейтті

Опубликовано:

Көлік кептелісі
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісі түнде көлік қозғалысын көбейтіп, автокөліктердің кептелісіне әкеп соқты. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккен сақтанушылардың өтініштерінің саны артты.

Осылайша, автокөліктері міндетті автосақтандыру шеңберінде немесе Алматыда, Алматы облысында және Шымкентте КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылған азаматтардың өтініштері 22-23 қаңтар аралығында түнде салыстырмалы ауа райы жағдайлары кезіндегі басқа кезеңдермен салыстырғанда екі есеге артты.

"Өткен түнде біз көліктері ЖКО – дан зардап шеккен Алматы мен Шымкенттегі клиенттерімізден бірнеше ондаған өтініш алдық. Бұл – қыс мезгіліндегі кез келген басқа түнге қарағанда екі есе көп. Жол – көлік оқиғасының көбі адамдар отбасыларымен туыстарына бару үшін қаладан шыққан кезде болған", – деп түсіндірді "Евразия" СК Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Жантөреев.

Жер сілкінісі кезінде қала ішінде көлікпен тек қажет болған жағдайда жүруге кеңес беріледі. Себебі, дүрбелең кезінде жол-көлік оқиғасы санын арттыруы мүмкін, сонымен қатар төтенше жағдай көліктері қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2057208-tundegi-zer-silkinisi-almatyda-zol-kolik-oqigasyn-eki-esege-kobeitti/

pixel