Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуантыров елімізде коммуналдық қызмет тарифтері қаншалықты көтерілетінін айтты

Опубликовано:

Коммуналдық қызмет тарифтерін есептуге арналған калькулятор мен түбіртек
Түбіртек пен калькулятор. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық экономика министрі үкіметте өткен брифингте биыл коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтер қаншалықты өсетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әлібек Қуантыров тарифтік бағдарлама жеті жылға есептелгендіктен, тарифтерге жыл сайын түзету енгізілетінін айтты.

"Егер барлығын бір-екі жылдың ішінде шұғыл жаңарту қажет болса, онда тарифтер айтарлықтай көтерілетін еді. Бірнеше есе. Бұл халық пен бизнес бой үйрету үшін, инфляцияға сәйкес келуі үшін және жай ғана барлық жұмысқа үлгеру үшін біртіндеп жасалып жатыр. Мердігерлер мен құрылыс ұйымдары барлығын жаңартып үлгеруі үшін мұны біртіндеп істеу керек. Бұл негізінен, әсіресе сумен жабдықтау және су тарту үшін істеліп отыр. Көше жұмыстары - маусымдық жұмыс, яғни оны қыста істеу қиын", - дейді министр.

Сондай-ақ министр ел бойынша тарифтер қаншалықты көтерілетінін айтты.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының кейбір субъектілері мен түрлері бойынша тарифтердің өсуі орташа есеппен 10-15 пайыз болады. Орташа алғанда 20-30 пайыз. Біз оны шекті деңгейде ұстауға тырысамыз. Әйтпегенде өсім елеулірек болар едік. Инфляцияны ұстап тұру қажет. Бұл қызметтің барлық түріне арналған, өйткені коммуналдық қызметтердің барлық түрінде инфрақұрылымның тозығы жеткен, яғни құбырлар, желілер, су құбырлары, кәріз жүйелері тозған. Әсіресе кәріз жүйесінің тозығы жеткен, төлем шоты да аз-маз. Екі бөлмелі пәтердің кәріз жүйесіне төлем шоты орташа есеппен 200 теңге болады. Оны көтеру керек, ол аса сезіле қоймайды", - дейді Қуантыров.

Бұған қоса ол билік тарифтердің жалпы өсімі азғантай болуы үшін барлығын ескеріп жатқанын айтты. Сондай-ақ биыл тағы 40 мың отбасына тарифтердің көтерілуіне байланысты өтемақы төлеу жоспарланғанын атап өтті.

"Егер бұрын тарифтің өсуіне байланысты өтемақы шығын отбасы табысының 20 пайызынан асып кеткенде берілсе, қазір бұл шек 10 пайызға дейін төмендетілді. Яғни, көбірек қамтылады. Егер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындары отбасы табысының 10 пайызынан асса, онда бұл артық сома өтемақы түрінде төленеді", - деп түйіндеді сөзін министр.

Еске салайық, ұлттық экономика министрі жазда коммуналдық қызмет тарифтері көтерілетінін мәлімдеген еді.

Жалпы, оның айтуынша, тарифтер халық үшін ыңғайлы болуы керек. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әкімдіктер арқылы өтемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда.

Кейін премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтар үшін коммуналдық қызмет тарифтері 10-30 пайызға көтерілетінін мәлімдеп, мұны "қалыпты өсім" деп атады.

Ал сарапшылар Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифі Орта Азия және ТМД елдерімен салыстырғанда ең төмен екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058252-quantyrov-elimizde-kommunaldyq-qyzmet-tarifteri-qansalyqty-koteriletinin-aitty/

pixel