Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автодайджест: жүрілген ең жақсы кроссоверлердің рейтингі жарияланды

Опубликовано:

Volkswagen
Фото: depositphotos.com

Volkswagen қазіргі модельдегі көліктердің шығуы аяқталғаннан кейін Cabriolet нұсқадағы T-Roc кроссоверін өндіруді жоспарламайды. Кореялық Hyundai компаниясы Bayon-ның сыртқы түрін өзгертті. Жүрілген ең жақсы кроссоверлер қандай? Осы және өзге де жаңалықтарды материалымыздан оқыңыз.

Bayon сыртқы түрін өзгертті

Кореялық Hyundai компаниясы жаңартылған Bayon-ның фотосуреттерін жариялады.

Негізгі өзгерістер кроссовердің сыртқы түріне қатысты болды. Сонымен, модель радиатордың басқа торы бар жаңа бамперге және басқа соңғы Hyundai сияқты ортасында қосымша жарқыраған жолаққа ие болды. Артқы бампердегі өзгерістер аз байқалады. Сондай-ақ Bayon жаңа дизайндегі дискілерді алды, оның түстер палитрасы кеңейтілді.

Салонда бір ғана жаңарту бар: 8-дюймді экранның орнына – 10,25. Техникалық жағынан автомобиль бұрынғысынша қалды.

Сатудың басталу мерзімі, оның ішінде Қазақстанда, әлі жарияланған жоқ.

Volkswagen жалғыз кабриолеттен бас тартады

Неміс автомобиль өндірушісі модельдің қазіргі буынын шығару аяқталғаннан кейін Cabriolet нұсқадағы T-Roc кроссоверін өндіруді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Лас-Вегастағы CES-2024 тұтынушылық электроникасының көрмесінде Volkswagen компаниясының әзірлемелер бөлімінің басшысы Кай Грюнитц мәлімдеді.

Мұндай шешімнің қабылдануына T-Roc кабриолетінің сатылымы концерн жоспарлағанға қарағанда екі есе төмен болып шығуы және модельдер қимасында оған тек 6% сәйкес келетіні себеп.

Volkswagen T-Roc Cabriolet моделін конвейерден алудың нақты күні әрі жарияланған жоқ. Алайда әдеттегі кроссовердің келесі буынының дебюті 2025 жылға жоспарланған, сондықтан қайырылатын төбесі бар нұсқа әлі бір жылға жуық қолданыста болады.

Қайта сақтандыру туралы аздаған фактілер: 2011 жылы "Евразия" СК Мексикада Volkswagen зауытын бірінші қайта сақтандыру шартын жасасты – бүгінгі күнге дейін мүліктік тәуекелдерді және бүкіл әлем бойынша Volkswagen AG автоконцернінің ғаламдық қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша өндірістегі үзілісті жауып келеді.

Автомобиль өрті – сирек жағдай емес

Солтүстік Қазақстан облысында көлік құралдарының тұтануы жиілеп кетті. Бұл туралы өңірдің ТЖД хабарлады. Ведомствоның деректері бойынша, жыл басынан бері алты оқиға болды, ал 2023 жылы – 76 дерек тіркелді.

Өрттің негізгі себебі мотор бөлігіндегі қысқа тұйықталу болып табылады, ал машинаның толық жанып бітуі үшін 10 минуттан аспайтын уақыт кетеді. Сондықтан оны құтқарудың басты факторы - өртті бастапқы сатыда ауыздықтау. Бұл үшін автомобиль салонында үнемі өрт сөндіргіш болуы тиіс.

SmartCasco полисі де артық болмайды, ол өрттің салдарынан толық жойылған жағдайда автомобильдің жөндеуін немесе құнын өтейді. Полисті 50% жеңілдікпен немесе бөліп төлеу арқылы сілтеме бойынша ресімдеуге болады

Қайталама нарықтағы ең жақсы кроссоверлер аталды

Британдық Whatcar.com басылымы шартты түрде қол жетімді 10 жүрілген кроссоверлердің рейтингін анықтады. Олардың көпшілігін бізден де табуға болады.

Ондықты төртінші буын Kia Sportage басқарады. Сарапшылар көліктің кең салонын, рульдік басқаруын және "баға – сапа" қатынасын атап өтеді. Алайда кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, кейбір жүйе модификацияларында төтенше тежеу жүйесінің болмауы.

Екінші қатарға тағы бір корей кроссовері - алдыңғы генерациядағы Hyundai Tucson орналасты. Артықшылықтардың ішінде сыйымдылық пен опциялардың бай жиынтығы аталды, ал кемшіліктердің бірі - тым қарапайым салон және кейбір нұсқаларында отын шығынының жоғары болуы.

Үштікті бізде сирек бірақ кездесетін Suzuki Vitara қорытындылайды. Кроссовердің кең және ұтымды салоны, опцияларының бар жиынтығы бар, жақсы басқарылады, бірақ барлығын шулы қозғалтқыштар мен сенімсіз әрлеу бөлшектері бұзады.

Төртінші және бесінші орындарға Dacia (бізде Renault) Duster және сәйкесінше Mazda CX-5 орналасты. Топ-10-ға Skoda Yeti, Suzuki Ignis, Renault Captur (бізде Kaptur), Renault Kadjar және Nissan Qashqai кірді.

АвтоВАЗ жаңа брендке арналған логотипті тіркеді

Роспатенттің ашық базасында "Санкт-Петербург Автозауытынан" (АвтоВАЗ-дың еншілес кәсіпорны) жаңа тауар белгісін тіркеуге өтінім пайда болды.

Логотиптің өзі ортасында жалғастырғышы бар "Х" әртіп түрінде ресімделген, бұл ретте литерлері сопақшаға жазылған. Брендтің атауы әлі жарияланған жоқ.

Жаңа маркамен автомобильдерді сату көктемде іске қосылады. Қазіргі сәтте шетелдік автоөндірушілердің бірімен лицензиялық серіктестік жобасының аясында C және D сегменттерінің седандары мен кроссоверлері болатыны белгілі. Жаңа логотипі бар автомобильдерден басқа, мерчті де сату жоспарлануда.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058483-avtodaidzest-zurilgen-en-zaqsy-krossoverlerdin-reitingi-zariyalandy/

pixel