Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан көшкен жағдайда Ұлттық қордан балаларға түскен ақшаны шешіп алуға бола ма

Опубликовано:

ана мен бала
Ана мен бала. Көрнекі фото: pexels.com

Бала тұрақты тұру үшін Қазақстаннан басқа елге көшіп кеткен жағдайда "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында ақша ала алады. Алайда азаматтығын ауыстырса, онда бала ақшаны алу құқығынан айырылады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстандық балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен алғашқы төлемдер жасалды. Еліміздегі әр кәмелетке толмаған баланың нысаналы жинақтау шотына 100,52 доллардан аударылды. Оның сомасы жыл сайын жаңа аударымдар есебінен, сондай-ақ бар қаражатты инвестициялау есебінен өсіп отырады.

Қаржыны бала 18 жасқа толғанда алуға болады. Алайда кейбір жағдайда бала қорда жатқан ақшаны алу құқығынан айырылуы мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) өкілдері бала қай кезде қордан ақша алу құқығынан айырылатынын айтты.

Бала азаматтығын өзгертіп, тұрақты тұру үшін шетелге кетсе, қордағы жинағын ала ала ма

Әр адамның азаматтығын өзгерту еркі бар, алайда БЖЗҚ өкілдерінің айтуынша, егер бала өзіне тиесілі қаражатын алғанға дейін азаматтығын өзгертіп, шетелге көшіп кетсе, ол "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша қордағы ақшаны алу құқығынан автоматты түрде айырылады. Яғни бала азаматтығын ауыстырып, шетелге көшсе, ақшаны алып кете алмайды.

Бірақ БЖЗҚ баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, бағдарламаға қатысушылар Қазақстан азаматтығын сақтай отырып, Қазақстаннан басқа елге тұрақты тұруға көшіп кетсе, балаға қор есебінен түскен қаражатты алуға тыйым салынбайды.

Қазақстан азаматтығын алу

Айта кетейік, бұл механизмнің кілтипаны да бар. БЖЗҚ мәліметі бойынша, Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін 18 жасқа толмаған бала да автоматты түрде бағдарламаға қатысушы болып саналады.

Алайда нысаналы талаптар баланың туған күнінен емес, ел азаматтығын алған кезден бастап есептеледі.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында берілген қаражатты мұрагерлікке қалдыруға бола ма

Бұл ретте бағдарлама аясында аталған жинақты мұраға қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. БЖЗҚ мәліметі бойынша, бала көз жұмған жағдайда, Ұлттық қор есебінен жинақтау шотына түскен барлық қаражат оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне мұраға қалдырылады. Мұрагерлер қаржыны кез келген мақсатта пайдалана алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2058812-qazaqstannan-kosken-zagdaida-ulttyq-qordan-balalarga-tusken-aqsany-sesip-aluga-bola-ma/

pixel