Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Егер жол апатына кінәлі адам мас болса, залалды кім төлейді

Жарияланған күні:

Ер адам бөтелкені ұстап, рульде отырады
Фото: depositphotos.com

Әрбір жүргізуші заң бойынша алкогольдік масаң күйінде көлік руліне отыруға қатаң тыйым салынғанын біледі. Өзінің және айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупінен басқа 15 тәулікке қамауға алу және 7 жыл мерзімге құқығынан айыру қарастырылған. Соған қарамастан кейбір автомобиль жүргізушілеріне бұл тәртіпкe бағынбай жатады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Сақтандыру жаргондарын демистификаттау. 2-бөлім: заңды тұлғалардың мүлкі

Сонымен, жақында Талдықорғанда Nissan Cefiro көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Isuzu Saz автобусымен соқтығысқан. Медициналық куәландыру көрсеткендей, жеңіл көліктің рүліндегі ер адам орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдану күйінде болған. Полицияда бұның өңірде орын алған бірінші жағдай емес екенін хабарлайды.

"Евразия" сақтандыру компаниясының деректері бойынша, орта есеппен ай сайын жүргізушілермен алкогольдік немесе есірткілік жағдайында шамамен 100 ЖКО жасалады.

Жүргізушінің мас болғанын, бірақ жүргізуші орындығына отырып, қозғалысты бастағанын, сонымен ЖҚЕ бұзғанын ескере отырып, сұрақ туындайды: сақтандыру компаниясы осындай жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыра ма?

Ал жауап оң, өйткені "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында ЖКО кінәлі адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдану жағдайында болуы себебінен сақтандырушыны сақтандыру төлемiнен босатуға негiздер жоқ.

Дегенмен, бұл келтірілген зиян үшін төлем жасамаймын деп, алкогольді ішкеннен кейін көлік руліне отыруға себеп емес. Өйткені, сол заңда ЖКО-на кінәлі адамды сақтандырушының төленген сома шегінде кері талап қою (регресс) құқығы бар екені айтылған.

ҚР КҚИ АҚЖМС туралы заңымен көзделген кері талап қою, немесе регресс құқығы жол қозғалысының жосықсыз қатысушыларына қолданылады. Масаңдану жағдайында болған жүргізуші мұндай жағдайда өзінің іс-әрекеті үшін толыққанды жауапкершілік, соның ішінде материалдық жауапкершілік көтеруі тиіс. Сақтандыру полисінің болуы ЖҚЕ қасақана бұзған немесе ЖКО кінәлі болған жүргізушіні қорғаудың қосымша факторы болмауы тиіс және болуы мүмкін емес.

*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2060038-eger-zol-apatyna-kinali-adam-mas-bolsa-zalaldy-kim-toleidi/