Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бағасы бекітілуі мүмкін

Опубликовано:

Жанармай бекетінде отын құйып жатқан көлік
Жанармай бекеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бағасын бекіту жоспарланып жатыр. Тиісті қаулы "Ашық" НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ашық" НҚА порталында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрық жобасы жарияланған. Бұйрық 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Құжаттағы ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағаларын қосылған құн салығымен бірге қоса мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге.

Сондай-ақ бұйрық құжатында оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілу керегі жазылған. Ол Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізіп, ресми сайтында жариялау мақсатында жіберіледі.

"Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін – 450 теңге, қазақстандықтар үшін – 295 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2060867-qazaqstanda-benzin-men-dizel-otynynyn-sekti-bagasy-bekitilui-mumkin/

pixel