Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Опубликовано:

Ұлттық банк
Ұлттық банк ғимараты. Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Бүгін, 23 ақпанда Ұлттық банк өкілдері базалық мөлшерлеме 14,75 пайызға дейін төмендегенін мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75 пайызға дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Банк өкілдері қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасқанын айтты. Инфляциялық күтулер үш ай қатарынан баяулап келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасуда. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде қалыптасып отыр.

Жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5 пайызға дейін баяулаған.

"Бұл Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Бағалардың жалпы өсіміндегі баяу үрдіс – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты.

Айлық инфляция орташа жылдық мәндерден (0,6 пайыз) жоғары қалыптасып, 0,8 пайыз болды. Тұтынушылық бағалардың өсуіндегі орнықты бөлікті сипаттайтын базалық инфляция және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция біраз қарқын алып, таргеттен жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Үш ай қатарынан баяулап, қаңтарда біршама төмендеген халықтың инфляциялық күтулері базалық мөлшерлеменің төмендеуіне себеп болды"- дейді банк өкілдері.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 12 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Айта кетейік, 19 қаңтарда орталық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайызға дейін төмендеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2062633-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-tomendetti/

pixel