Жол апатына кінәлі адамның міндетті автосақтандыру полисі болмаса, шығынды кім төлейді
Жарияланған күні:
Көлік құралын жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінің (КҚИ АҚЖМС) болуы (автоәуесқойлар арасында жай ғана "автосақтандыру" деп аталады) автомобильді басқару үшін қажетті заңның міндетті талабы. Міндетті автосақтандыру полисінің негізгі міндеті – екінші жүргізушінің – жол қозғалысына қатысушының кінәсінен ЖКО-да зардап шеккен көлік иелерінінің мүліктік мүдделерін қорғау. Бұл туралы "Евразия" сақтандыру компаниясының мамандары айтып берді.
Егер міндетті автосақтандыру институты іске асырылмаған болса, онда отандық соттар ЖКО-на кінәлі адамдарға олар келтірген мүліктік залалды өндіріп алу туралы талап-арыздардың астында қалар еді, ал бүлінген көліктердің иелері көпшілік жағдайларда оларды қалпына келтіру шығындарын өз есебінен өтеуге мәжбүр болар еді.
Қазақстанда 5 миллионнан астам көлік құралдары тіркелген: оның 4,5 миллионға жуығы - жеңіл автокөліктер, қалғандары - автобустар, жүк көліктері және т.б. Жүргізушілер одан да көп, олардың әрқайсының басқа жол қозғалысына қатысушылар алдындағы жауапкершілігі сақтандырылуы тиіс. Бірақ егер кінәлі адамда көлікті міндетті сақтандыру полисі болмаса, бүлінген көліктің жүргізушісі не істеуі керек екендігі туралыі "Евразия" сақтандыру компаниясы әңгімелеп береді.
Жақында Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар тас жолда айтарлықтай ауыр ЖКО орын алды. Toyota Rav 4 көлігінің жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықты шектен асырып, тәуліктің қараңғы мезгілінде және жаңбырдың салдарынан шектеулі көру мүмкіндігімен қозғалған. Жол бұрылысынан өту кезінде басқаруды жоғалтқан көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Volvo FH жүк көлігімен соқтығысқан. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысып, жол талғамайтын көлік жүргізушісі ЖКО орнында қаза болды.
ЖКО-на кінәлі адамның міндетті автосақтандыру полисі болмай шықты. Мұндай жағдайда жәбірленуші тарап сот арқылы қайтыс болған кінәлінің мұрагерлерінен – ол мұра қалдырған жағдайда келтірілген шығынды өндіріп алуына тура келер еді. Біздің жағдайда Volvo жүк көлігі "Евразия" сақтандыру компаниясында КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылған, сақтандыру төлемі 11,8 млн теңге болды.
Сонымен қатар, автокөлікті міндетті сақтандыру полисінің лимиті 600 АЕК, немесе 2,2 млн теңгеден сәл ғана асады, ал КАСКО бойынша автокөлік толық құнына сақтандырылады. Міндетті автосақтандыру жағдайында залалдың бір бөлігі - 600 АЕК-тен жоғары - сот арқылы өндіруге тура келеді.
Сонымен бірге сараптама ЖКО-ға кінәлі адам көлік құралын басқарған уақытта оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын анықтады. Кінәлі адам мас болған жағдайда шығынды кім өтейтінін бұрын жазғанбыз.
Toyota Rav 4 жүргізушісі қаза болды. CASCO полисі Volvo FH жүргізушісіне қиын өмірлік жағдайда келтірілген зиянды өтеуге көмектесті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2063826-zol-apatyna-kinali-adamnyn-mindetti-avtosaqtandyru-polisi-bolmasa-sygyndy-kim-toleidi/