Автодайджест №8: Еуропадағы "Жыл автомобилі", жаңа Skoda және басқа да жаңалықтар
Жарияланған күні:
Америкалық Jeep маркасы жуырдағы екі жылда бірнеше модельден тұратын электрмоторларды енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы компания басшысы Антонио Филосқа сілтеме жасай отырып Motor1 хабарлайды.
Бірінші модель Wagoneer S болады. Батареямен жұмыс істейтін жол талғамайтын көлік жаңа STLA Large платформасында құрылған. Ол жиынтық қуаты 600 а.к. болатын әрбір оське бір электрмоторын алады, ал орнынан қозғалыс үдеуі 97 км/с дейін Jeep-те 3,5 сек алады. Басқа егжей-тегжейлі мәліметтер өндірістің басталуына жақын – ағымдағы жылдың екінші тоқсанында белгілі болады.
2024 жылдың соңына қарай марка желісінде жаңа Recon моделі пайда болады. Ол Wrangler-дің электрлік нұсқасы болып табылады, бірақ сыртқы келбеті замануи болып келеді.
Келесі жылы Wagoneer, Grand Wagoneer және Gladiator гибридтік күш қондырғыларын алуы тиіс.
Jeepбасшылығы модельдік желіні электрлендіру сатылымды ұлғайтуға көмектеседі деп үміттенеді.
Қазақстанда марка ресми түрде ұсынылғанын атап өткен жөн. Алайда, басқа Stellantis брендтерінің дилерлері біздің де нарықта пайда бола бастады, және сондай-ақ Jeep те қайты келуі мүмкін.
"Автоматы" бар ең нашар модельдер аталды
"За рулем" сарапшысы сенімді емес автоматты беріліс қорабы бар бюджеттік автомобильдерді атап көрсетті . Олардың көпшілігін біздің нарықта да кездестіруге болады.
Сонымен, мысалы, маман GM 6Т30/40/45 автоматы бар Chevrolet Aveo, Cobalt және Cruze автомобильдерін сатып алмауға кеңес береді. Оның үлкен ресурсы бар екендігіне қарамастан, ақаулар жиі болып тұрады. Жоғарыда атап көрсетілен модельдерден басқа, қорап Opel, оның ішінде Mokka және Daewoo Gentra/Lacceti модельдеріне де орнатылғанын айта кеткен жөн.
Алайда сарапшы француз өндірісінің - DP0/DP2, немесе AL4 беріліс қорабын ең нәзік ретінде атап көрсетті. Оны көптеген Citroen, Peugeot және Renault (және Nissan субплатформалық модельдерінде) кездестіруге болады.
Бұған дейн біз ең жақсысы аулақ болуды ұсынатын жаңа электрлік кроссоверлер туралы, сонымен бірге ІЖҚ бар сенімді пайдаланылған кроссоверлер туралы да жазған болатынбыз.
Елордалық полиция бұзақыларды ұстады
Астанада "Тоқта, бұзақы" науқаны жүріп жатыр. Оның аясында күндізгі және түнгі рейдтер жүргізіліп, ұсталған вандалдар, төбелескіштер мен бұзақылар жауапкершілікке тартылады.
Оқиғалардың бірі Ақан Сері көшесінде орын алды. Ер адам, алкогольдік масаңдану күйінде бола тұрып, бөтен автомобильдің алдыңғы және бүйір әйнектерін сындырған. Полицейлер бұзақыны құрықтап, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл жазып берді. Бұл ретте машинаған келтірілген залал сомасы туралы хабарланған жоқ.
Өкінішке орай, оқиғалардың барлығы жақсы аяқтала бермейді, және көп жағдайда автокөлік иелеріне темір тұлпарларын өз есебінен жөндеуге тура келеді. Әйнектердің, сонымен қатар алдыңғы шамдардың, артқы шамдардың және бүйір айналардың зақымдануын өтеуге SmartCasco полисі көмектесе алады. Сілтеме арқылы сақтандыру құнын есептеп, 50% жеңілдікпен немесе бөліп төлеу арқылы ресімдейне болады.
Кез келген сақтандыру шартының маңызды шартына – франшизаға назар аударуды ұсынамыз. Бұл не және оның қалай жұмыс істейтінін мына жерден табуға болады.
Еуропада жыл автомобилін таңдады
Женевада өткен халықаралық автосалона (GIMS) "Жыл көлігі 2024" (Car of the Year 2024)" еуропалық байқауының ұйымдастырушылары жеңімпазды атады. Бұл Renault Scenic E-Tech кроссовері болды. Ол 329 дауыс жинады.
Екінші орынға 308 баллмен BMW 5-Series жайғасты, ал үздік үштікті 197 ұпай нәтижемен Peugeot 3008 қорытындылады.
Одан әрі Kia EV9 (190), Volvo EX30 (168), BYD Seal (131) және Toyota C-HR (127) орналасты.
Kia электр моделі "Солтүстік Америкадағы 2024 жылкроссовері" деп танылғанын атап өтеміз.
Үндістерге жаңа Skoda моделінің атауын ойлауды ұсынады
Чехиялық автоөндіруші Үндістан үшін тағы бір шағын кроссоверді таныстырды. Дегенмен, Skoda-ның әлі атауы жоқ.
Марканың өзі Kariq, Kylaq, Kymaq, Kyroq және Kwiq сияқты нұсқаларды қарастырады. Алайда кез келген қалайтын адам өз нұсқасын ұсына алады: жалғыз талап – атауы K-дан басталып, Q-ға аяқталуы тиіс. Нәтижелері осы жылы кейінірек хабарланады.
Кроссовердің өзі туралы ақпарат әлі де аз. Оның ұзындығы 4 метрге жуы екені, ал негізіне MQB-A0-IN платформасы алынатыны белгілі. Бұл Skoda модельдік жүйесінде бұл мөлшері жағынан Kamiq моделіне ұқсас Kushaq моделінен бір саты төмен орналасатын болады.
Техникалық сипаттамаларын автоөндіруші жариялаған жоқ. Сарапшылар жаңа Skoda аға модельмен күш агрегатын бөліседі деген болжас жасайды. Көлемі 1,0 л болатын 113-күштік турбомотор туралы сөз болып отыр. Онымен жұптасып 6-сатылы "механика" немесе "автомат" жұмыс істейді. Жетек тек алдыңғы оське ғана.
Skoda кроссоверінің өндірісін Үндістанда жолға қою жоспарланып отыр. Ол сату нарығына айналады. Алайда кейін модель басқа елдерге де экспортталуы мүмкін.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2063995-avtodaidzest-8-europadagy-zyl-avtomobili-zana-skoda-zane-basqa-da-zanalyqtar/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.