"Жөнелтушілерді бақыламаймыз": министрлік мобильді аударымдарды тексеру туралы айтты
Жарияланған күні:
Сенат отырысынан кейін қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерген кезде жіберушілер бақыланбайтынын айтты. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Біз жеке кәсіпкерлерді бақылаймыз. "Адамдарды" дегенде (журналистер "адамдарды бақылау" туралы сұрақ қойды – ред. ескертпесі) мұның халыққа еш қатысы жоқ: бұл жеке кәсіпкерлерді бақылауға қатысты. Бақылауға қатысты бұйрық 2 жыл бұрын қабылданған.
255 мың теңгеге қатысты енгізілетін өзгерістер қосымша көрсеткіш іспетті. Бұл, керісінше, жағдайды жеңілдететін фактор. Әртүрлі тұлғалардан 3 ай қатарынан 100 аударым, бірақ сома аз мөлшерде түсті делік - 10, 20 мыңнан... бұрынғы ережелер бойынша хабардар етіп, хабарлама жіберуі керек еді (тексеру туралы - ред. ескертпесі) - бірақ соманы бөлген кезде, біз ол адамға, жеке кәсіпкерге хабарлама жібермейміз. Бұл бақылауды жеңілдететін қосымша көрсеткіш болмақ", - деді Ержан Біржанов сенат кулуарында.
Қаржы министрлігінің өкілі жеке аударымдарға ешқандай шектеу қойылмағанын, жөнелтушілер бақыланбайтынын атап өтті.
"Біз жөнелтушілерді бақыламаймыз, жеке мақсаттағы мұндай аударымдарды шектемейміз.
Біз кәсіпкерлер, яғни жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер бойынша мәліметтер алуымыз керек: әртүрлі тұлғадан 100-ден астам аударым, бұл аударымдар 3 айға созылуы керек, ал сомасы 255 мың теңгеден асуы керек. Үш көрсеткіш жұмыс істесе ғана кәсіпкерлерге хабарлама жіберіледі", - деді қаржы вице-министрі.
Бұған дейін Ержан Біржанов 255 мың теңге және одан көп сома болғанда мобильді аударымдар не үшін бақылауға алынатынын түсіндірген болатын.
"Бүгінгі таңда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Үш айда 255 мың теңге. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, жеке кәсіпкерлерді құру үшін ең төменгі жалақының 12 (жылына – ред. ескертпесі) кірісі қажет, бұл млн теңгеден асады. Сондықтан егер үш айда әр айында 85 мыңнан көп ақша түсіп, мен айтқан белгілер болса кәсіпкерлік мақсатқа арналған деп есептеледі", - деген еді вице-министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2065053-zoneltusilerdi-baqylamaimyz-ministrlik-mobildi-audarymdardy-tekseru-turaly-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.